Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуда қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы»


28 марта 2022, 11:07 | 1 563 просмотра



Нұсқаулық бойынша педагогикалық қауымдастықтың өзара жұмыс жүргізу тәжірибесі 2015 жылдан бері мектептерде ауқымды жұмыс атқару басталды. Педагогикалық қауымдастықтар ортақ идеяларды жүзеге асыру, өз қызметін жоспарлау, озық педагогикалық тәжірибені тарату үшін жетекші және серіктес мектептердің қауымдастығы ретінде біріге бастады.

Қарасай өңірінің педагогикалық қауымдастығы қызметінің тарихы да 2015 жылдан басталды. Аудан жетекші мектептердің жұмысының бастамасы Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының басшылығымен жүзеге асырылды. 2021-2022 оқу жылы педагогикалық қауымдастықтың қызметі жаңа кезеңге аяқ баса отырып, бүкіл педагогикалық қауымдастық жұмысы қайта қаралды.  Аудан бойынша жетекші мектептер және серіктес мектептер болып 2021-2022 оқу жылында үнемі сабақты зерттеу мақсатында ашық сабақтар өткізіліп отыр. Қауымдастық мектептердің өзара тәжірибе тарату принципіне негізделіп, жұмыс жүргізеді.. Жетекші мектеп координаторларының отырысында оқу жылы аралығында сабақты зерттеу үдерісінің ашық талқылауын үш сессия барысында өткізу туралы шешім қабылданды. Олар: күзгі, қысқы және көктемгі сессиялар.

М. Бейсебаев атындағы орта мектебінде жоспарға сәйкес 17 ақпан күні қысқы сессия өткізілді. «Зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық жетекші мектептер қатысты.

Сабақтың мақсаты: « Зерттеу сабақтары арқылы қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу  әдістемесі үшін пайдалану  мақсатында  Lesson Study-ге талдау жүргізу. Осы сабақтардан жетекші мектеп мұғалімдерінен  күтілетін нәтиже: Сабақты зерттеу үдерісін білу. Сабақты зерттеу маңыздылығын түсіну.

Пән бойынша білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну  мақсатында  жүргізілді.  Зерттеудің бірінші кезеңінде мектеп психологтары: Эмбердиева Г, Слямбаева Г, Боранбаева М барлық 8- сынып оқушыларынан арнай тест тапсырмаларн ала отырып, оқушыларды зерттеді.

Аталған сессияда: Жетекші және серіктес мектептердің «Ынтымақ» атты қоғамдық бірлескен жұмысын көрсету мақсатында;  8- сыныптар бойынша зерттеу сабақтары өтті. 8«Г» сыныбында  қазақ тілі пәнінен Баятанова А. Б ашық сабақ өткізді. Талдау барысында сабақ өте жоғарғы деңгейде өткізілгендігі айтылды. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі жоғары баға алды.

Серіктес мектептердің жұмыстарын көрсету мақсатында, «О. Исаев атындағы орта мектеп» тарих пәні мұғалімі Тастемирова А.Т 8 «Б » сыныбында  ашық сабақ берді.

«Жармуханбет орта мектебі» әдебиет пәнінің мұғалімі Джамбулова А. Н 8 «В» сыныбында ашық сабақ берді.   Барлық өтілген сабақтар өз деңгейінде  жоғары бағаланды. Әдістемелік ұсынымда Lesson Study зерттеуі, оның жүргізілу барысы мен мақсаты туралы теориялық түсінік берілді. Мектебімізде өткізілген Lesson Study зерттеуі бойынша өз іс-тәжірибемізбен ортақ талдау жасалды. Мұғалімдердің желілік қауымдастықтарының жұмысында қандай күшті жақтарды  бөліп көрсетуге болады? Ең алдымен, бұл шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау, олар өздерінің негізгі оқытушылық қызметінен басқа, әріптестерін кәсіби дамыту үшін жұмыс істейді. Әр мұғалім үшін әріптестерінің мойындауы маңызды! Күшті жақтар ретінде мектеп практикасында үнемі тәжірибе алмасуды, жаттықтырушылар мен мұғалімдер арасындағы кері байланысты, оқыту әдістемелері бойынша білімдерін толықтыруды атап өтуге болады. Ал қандай әлсіз жақтары бар дейсіздер ғой? Әрине жұмыс істеген ұжымдарда ғана күшті жақтары мен әлсіз жақтары бірге жүреді. Біздің қоғамдастықта 3- серіктес мектеп семинар барысында үнемі талқылап , ортақ шешім шығарады. Біздің серіктес мектептермен атқаратын жұмыстарымыз қызықты да, тартымды өтіледі десем қателеспеймін. Оған сессиядан кейінгі ашық талқылау барысында жетекші және серіктес мектептер арасындағы жұмысты және қарым-қатынасты қалай дұрыс және тиімді құру керектігі туралы көптеген пікірлер мен көзқарастардың айтылу, талдану ақиқат.  Осы орайда әрбір өткізілген жұмыстардың хаттамасы жазылып отырады.

Атқарылған барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерге жарияланады. Жетекші және серіктес мектептердің бірлесіп жүргізіп жатқан сабақты зерттеу үдерісі осы оқу жылының аяғында өз нәтижесін көрсететіне  және «Ынтымақ» педагогикалық қауымдастығымен жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыс жалпы білім беру саласына оң әсерін тигізетіндігі айқын. Келешек ұрпақты тәрбиелеу мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін!

Автор:
Изтелеуова Калгуль Абикеновна, бастауыш сынып мұғалімі М.Бейсебаев атындағы орта мектебі Қарасай ауданы Береке ауылы.