Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамасы


3 мая 2022, 01:38 | 2 531 просмотр



Сынып: 8

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдау

Сабақтың мақсаты: Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілін қолдана алу;

Ақпараттың өлшем бірліктерін салыстыра алу;

Ақпараттың көлемін анықтауда алфавиттік тәсілмен есеп шығарудың жолдарын қолдану

 Сабақтың барысы:

 Сабақтың басы

«…Жүректен-жүрекке….»  тренингін ұйымдастыру. Оқушылар өздерінің қасындағы оқушылардың жақсы

жақтарын айтады. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптасыды.  

Топқа бөлу. QR штрих кодын сканерлеу арқылы оқушы өз тобын анықтайды

Ой қозғау:

Интербелсенді тақтада өлшем бірлік нысандары (сызғыш, сағат, салмақ, транспортир, км) көрсетіледі. Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? 

Сабақтың ортасы:

  1. Алфавит дегеніміз не? Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
  2. Латын алфабитінде қанша әріп бар?
  3. Ақпарат өлшем бірліктерін ата? Олардың реттерін ата
  4. Алфавит дегеніміз не?
  5. Алфавиттің қуаттылығы дегенміз не?
  6. Алфавиттің қуаттылығын қалай анықтауға болады?
  7. ІK* i формуласы бойына нені табуға болады?
  8. Компьютерлік алфавитте қанша символ бар?

         Әрбір символ бір байтпен кодталады деп есептеп, мына сөйлемдердің ақпараттық көлемін есептеңдер: Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!

 Шешуі: Сөйлемдерде 67 символ (тыныс белгілер мен бос орынды есептегенде) болғандықтан, ақпараттың көлемі мына формула бойынша есептеледі:

І=67х1 байт =67х8 бит=536 бит

1-тапсырма Топтық, жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

        Екі топқа тапсырманы беремін. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тыңдайды, үшінші оқушы түртіп алады, соңында топ болып өз жауаптарын  айтады.

 І топ: Алфавит қуаттылығы-84 символ, ақпарат көлемі 2,5Кбайт болса, мәтінде қанша символ бар?

ІІ топ: Хабарлама 3 беттен тұрады, әр бетте 25 жол бар. Әр жолда 60 символ жазылған. Хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса, қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар ?

Дескриптор:

  • Алфавитте қанша символ бар екенін анықтайды;
  • Алфавиттің қуаттылығын өлшей алады;
  • Берілген мәтіннің ақпараттық көлемін анықтай алады

Оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма Топтық жұмыс. «Серпілген сауал» әдісі

I топ

  1. А тайпасында 32 символдан тұратын алфавит бар. В тайпасының 64 символдан тұратын алфавиті бар. Аталған тайпалардың көсемдері хатпен алмасты. А тайпасының хаты 8 символдан, ал В тайпасының хаты 70 символдан тұрады. Хаттағы ақпарат көлемін салыстырыңдар.

II топ

  1. Салыстырыңдар (қарым – қатынас таңбасын қойыңыз)

а) 200 байт және 0,25 Кбайт.

  1. b) 3 байт және 24 бит.

с) 1536 бит және 1,5 Кбайт.

  1. d) 1000 бит және 1 Кбайт.

е) 8192 байт және 1 Кбайт.

Топтық өзара бағалау жасайды

Дескриптор

Берілген тапсырма бойынша оқушылар ақпарат көлемін салыстыра алады;

Бір ақпарат өлшем бірлігін басқа өлшем бірлігіне ауыстырып салыстыра алады

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау

3-тапсырма

(Компьютерде MS Excel программасында орындау)

А). Компьютерде терілген мақала 30 беттен тұрады, әр бетте 40 жол бар, әр жолда 50 символ бар. Мақаланың ақпараттық көлемі қандай?

В). Компьютер арқылы терілген кітап 150 беттен тұрады. Әр бетте 40 жол бар, әр жолда 60 символ бар. Кітаптың ақпараттық көлемі қандай? Жауабы Кбайт және Мбайтпен есептеңдер.

Дескриптор

  • Ақпараттың көлемін формула арқылы есептей алады;
  • Ақпараттың көлемін есептей алады және бір өлшем бірлікті басқа өлшем бірлікке ауыстыра алады;
  • Есептің шығару жолдарын дұрыс қолдана біледі.

«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы: «Жүрекше ұсыну» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақты қорытындылау

(жүрекшенің бірнеше қалташасында сұрақтар болады. Ар оқушы сол сұрақтарға жауап беру арқылы жүрекшені келесі оқушыға ұсына алады)

  1. Алфавит дегеніміз не?
  2. Алфавиттің қуаттылығы дегенміз не?
  3. Алфавиттің қуаттылығын қалай анықтауға болады?
  4. ІK* i формуласы бойына нені табуға болады?
  5. Компьютерлік алфавитте қанша символ бар?

Кері байланыс

Мен... білдім

Менің... білгім келеді

Маған...қызықты болды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия  жүргізеді

Автор:
Рахманова Айзада Кемелахуновна, информатика пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші,"А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп" КММ.