Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ата - бәйтерек,бала - жапырақ


5 мая 2022, 04:31 | 1 782 просмотра



Мақсұтов Сатқожа Мақсұтұлы

1917 жылы 1 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында, Жалпақсай ауылында туылған және сол ауылдың  ежелгі тұрғыны.

1939 жылы Фин соғысына қатысты.  1941 -1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып,  39 атқыштар дивизиясында бірнеше рет ержүрек, қаһарманды үшін І –дәрежелі ОТАН соғысы орденімен марапатталады.

39 атқыштар бригадасы 1941 жылы Алматы, Ташкент,Фрунзе және басқа  қалалардың курсанттарынан жасақталды. 8- гвардиялық Панфилов дивизиясы сияқты 39 атқыштар бригадасы да Москва түбінде соғысты. 39- атқыштар бригадасы жаппай ерік көрсеткені үшін 73- гвардиялық дивизия болып аталды. Атамыз Берлинге дейін барып соғысты жеңіспен аяқтап туған жеріне жеңіспен оралды.   Соғыс біткеннен кейін еліне келіп ауылында  1998  жылға дейін еңбек еткен.

Атаға арнау

Ата ерлігінді паш етемін,

Мен сенің артында қалған жас желегің!

Біз үшін қорғап өткен кен жеріңді,

Қорғауға Отанымды ант етемін!

Автор:
Шөбересі Сакен Саят Сабитұлы, Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылы« М. Бейсебаев атындағы орта мектебі» КМММ