Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: "№9 орта мектебі

Оқыту мен оқудың белсенді әдістерін тәжірибеде қолдану (дөңгелек үстел)


12 мая 2022, 12:11 | 4 539 просмотров



Заманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Осы мақсатта мектебіміздің жас мамандарымен дөңгелек үстел өткіздім.

Мақсаты:Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді қолдану керек екендігін ұғындыру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Көрнекілігі: слайд,кеспе қағаздар,стикер

Түрі: дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз
: «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған әріптестер, біз сіздермен оқыту мен оқудың белсенді әдістері туралы әңгімелеспекпіз .Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды  белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына,оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.

Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді қолдану керек екендігін ұғындыру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Қатысушыларға: қандай мадақтау түрі жүрегіңізге жылы тиеді стикерге жазып қойыңыз (стикер беру-қалыптастырушы бағалау)

Енді бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Қандай белсенді әдіс-тәсілдерді білеміз?
2. Өздеріңіз үнемі қолданып жүрген белсенді әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп тоқталып өтіңіз?
3.Белсенді әдіс-тәсілдердің оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді
меңгеруіне пайдасы туралы.

4.Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық
қызығушылықтар мен қабілеттердің,шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл- ой еңбегінің қалыптасуы  тигізетін әсері туралы.

5.Белсенді әдістер қалай қолданылады ?

6.Оқушы үшін маңыздылығы неде?

7.Өз тәжірибелеріңіздегі қолданудағы қиындықтар?

Жүргізуші дөңгелек столға қатысушыларды белсенді әдіс-тәсілдермен слайд арқылы таныстырып өтеді.

«Кім жылдам?» сұрақ – жауап өткізу.
   Сұрақ–жауап

1.Он сұрақ әдісін қалай түсінесіз?

2.«ДЖИГСО» сабақтың қай кезеңінде тиімді?

3.Жетістік сатысын басқаша қалай атайды ?

4.Шағын топ неше адамнан тұрады ?
(Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.)
Жауаптарыңызға  рахмет!

Бейнежазба көрсету.

Кері байланыс алу:Енді өздерініз бағалаңыздар бүгінгі дөңгелек столда  «Ең белсенді кім болды?»

Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Біз бүгін бірлесе отырып жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын екеніне көз жеткіздік.Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету.Сөзімді Альберт Эйнштейннің  «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе  үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын деп» айтпақшы біз де оқушыларымызға  жағдай жасайық.

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Үйге тапсырма:Бір сабақтың жоспарын белсенді әдістерді тиімді қолдана отырып жазып келу.

Рефлексивті есеп

«Оқыту мен оқудың белсенді әдістерін тәжірибеде қолдану               тақырыбында жас мамандармен  дөңгелек үстел өткіздім.

Негізгі мақсаты: Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді қолдану керек екендігін ұғындыру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Негізгі идеясы: Белсенді оқыту  дегеніміз не? Оқытудың белсенді әдістері не үшін керек?

Қатысушылар:Бастауыш, математика, ағылшын, қазақ тілі пән мұғалімдері

Аудиторияда отырған мұғалімдермен жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін «Қандай мадақтау түрі жүрегіңізге жылы тиеді?» стикерге жазып қойыңыз (стикер беру-қалыптастырушы бағалау) деп назарларын өзіме аударттым.

Практика  жүзінде  дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтармен жұмыс жасалды:
1. Қандай белсенді әдіс-тәсілдерді білеміз?
2. Өздеріңіз үнемі қолданып жүрген белсенді әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп тоқталып өтіңіз?
3.Белсенді әдіс-тәсілдердің оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді
меңгеруіне пайдасы туралы.

4.Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық
қызығушылықтар мен қабілеттердің,шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл- ой еңбегінің қалыптасуы  тигізетін әсері туралы.

5.Белсенді әдістер қалай қолданылады ?

6.Оқушы үшін маңыздылығы неде?

7.Өз тәжірибелеріңіздегі қолданудағы қиындықтар?

Теория жүзінде дөңгелек столға қатысушыларды белсенді әдіс-тәсілдермен слайд арқылы таныстырып өттім. Экраннан көрсету арқылы анықтап түсіндірдім. Әрине, бұл жерде көп мұғалім жете түсіне алмады.  Ары  қарай  қатысушыларға ситуациялық тапсырма берілді.

Ситуациялық тапсырма. Мына белсенді әдіс-тәсілдерді: «Әткеншек»(карусель), «Қар кесегі», « Алтын балыққа арналған аквариум», «Айналмалы бекеттер», «Әуе шары», «Ойлан-жұптас-бөліс»,  «Екі жұлдыз, бір тілек», «Білемін-Білгім келеді-Білдім»,   «ДЖИГСО», «Бес сұрақ», «Синквейн», «Конвеер», «Бестік»  төмендегі схема бойынша орналастырыңыздар, сабақтың қай кезеңінде сізге тиімді болады?
«Кім жылдам?» сұрақ – жауап өткізу.
   Сұрақ–жауап

1.Он сұрақ әдісін қалай түсінесіз?

2.«ДЖИГСО» сабақтың қай кезеңінде тиімді?

3.Жетістік сатысын басқаша қалай атайды ?

4.Шағын топ неше адамнан тұрады

Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.
Жауаптарыңызға  рахмет!

Белсенді оқу мен оқыту әдістеріне бейнежазба көрсетілді.

Кері байланыс алу:Енді өздерініз бағалаңыздар бүгінгі дөңгелек столда  «Ең белсенді кім болды?»

Ең белсенді болып  бастауыш пән мұғалімдері танылды.

Оқу нәтижесі: Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалім өзіне әр түрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы қажет екендігін ұғынып ,тиімді қолдануды үйренді.

Кері байланыс: «Дөңелек үстел ұнады», «Дөңгелек үстел  қызықты әрі мағыналы өтті», «Бүгінгі  дөңгелек үстел өте жақсы, ерекше өтті. Белсенді әдіс-тәсілдерді жете түсіндім»  деген т.б. пікірлер болды.
Дөңгелек  үстелден  шыққан мұғалімдер өз әсерлерін бөлісіп, рахметтерін білдіріп жатты. 
Кері байланыстан алған жауап арқылы  дөңгелек үстелдің  негізгі мақсатына жеттім деп ойлаймын.

Қандай әдісті қолдансақ та оқушы тақырыпты өзі меңгеретіндей жағдай жасау, баланың өз - өзіне сенімділік ұялату мүмкін болатын орта қалыптастыру екенін ұмытпағанымыз жөн.

Автор:
Байдилданова Роза Толеубековна,математика пәнінің мұғалімі «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ.Талдықорған қаласы.