Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Еліміздің болашағы жастарымыздың қолында


18 мая 2022, 12:26 | 2 269 просмотров



Әлеуметтік - экономикалық өрбуі, рухани кемелденуі, сайып келгенде өз тарихи тағдыры бар. Сондықтан да бүгінгі күн – кешегінің жалғасы, өткеннің салдары, болашақтың себепшісі деп білген жөн. Адам өткенге қарап өседі, бүгінге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді. Қысқа мерзім аралығында еліміз бәсекеге қабілетті заманауи мемлекетке айналып үлгерді. Бүгінгі таңда қол жеткізген саяси тұрақтылық, тиімді экономикалық реформалар, халықаралық аренадағы бедел және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі – бұл бүкіл қоғамның қажырлы да адал еңбегінің арқасында, бұл дегеніміз ұлттың стратегиялық басымдылықтарының іске асырылуымен тең.  

Кез келген адам өткен өмірінде көрген тәжірибесімен дана әрі ақылды бола бастайды, болашаққа нық сеніммен қарайды. Қазірде біз әлемдік экономикалық жүйеге араласа алатын, нарық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүреміз. Ұзақ жылдар көлемінде қазақстандық қоғамның күшімен ауқымды істер атқарылды.

Біз – жастар тәуелсіздікпен бірге өсіп-өнген құрдастарымыз! Жас, жасампаз елдің ұланымыз. Бүгінде белсенді жастар мемлекетттік қызметке өтіп, әрі қарай шыңдалып дамуға, өз ісін ашып, өзін-өзі дамытуымен, спорт, ғылым, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуға толық мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты еліміздің жастарына аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыру жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, бұл ретте ұлттық бәсекеге қабілеттілікті жоғарылата Қазақстан қоғамын XXI ғасырда гүлденген әрі дамыған ел қатарына қосуды қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Мұндай міндеттерге жету тек отансүйгіш, білімді, кәсіби білікті әрі денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-азаматтық жауапты жастарға ғана қол жетімді.  

Қай заманда болмасын кез келген қоғам жастарының ең өзекті мәселелерінің бірі сапалы білім алу, жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй және өз ісімен айналысу болып табылады. Осы ретте жастармен қоғамдық әрі мемлекеттік бағытта жұмыс жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі қоғам және мемлекет жастарға қолдау көрсете отырып, жеке дамып өсуіне жағдай туғызу қажет. Бүгіннің өзінде қазақ жастарының бет-келбеті мен жігер-мінездік сипаттамаларының өзгеруі туралы айтуға болады: жас тұлғалар арасында дербестік, өз тағдырына деген жауапкершілік, өз мүмкіндіктерін нақты бағалау іспетті қасиеттер өсіп келеді. Жас ұрпақтың санасында білім алудың маңыздылығы, өз денсаулығын жақсартуға деген көзқарас фактілері жоғарылап келеді, бұл жағымды жаңа трэндтер.  

Жастардың болашағы – бұл мемлекет болашағы. Жас ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік бере отырып, мемлекет өз кезегінде жалпы құқықтық мәдениет деңгейін жақсарта отырып, жастар арасында белең алып келе жатқан жағымсыз әрекеттерді болдырмауға ықпал етеді. «Жас ұрпақ ірі мәселелерді шешу жолындағы қиындықтарды жеңе білуі, үнемі өзгеріп тұратын экономикалық және технологиялық ортада дұрыс бейімделе білуі қажет, әрі бұл жағдайды өз пайдаларына орай әрқашан екі қадам алда болулары тиіс». «Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әр бір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, демек М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат.

Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін , әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ. Сондай –ақ, ұлт болашағы жастардың қолында екен , жүрегімізде «елім» деп лаулаған алау алаш жастарын бір сәтке де жәйбарақаттылыққа салынуына жол бермесі анық. Себебі, Қазақстанның гүлденуі- жастардың қолында!

Автор:
М.Ж. Доскельдинова, «М.Жұмабаев атындағы №19орта мектеп гимназиясы»