Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ӨНЕР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ


18 мая 2022, 12:28 | 1 953 просмотра



Жетісу өңірінің білім беру саласындағы қара шаңырағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрылғанына 50 жыл.Жарты ғасырлық кезеңде университет қабырғасында мыңдаған студенттер сапалы білім алып, еліміздің түрлі салаларында еңбек етуде.

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі педагогикалық бағытта дене шынықтыру және спорт, Бастапқы әскери дайындық, Музыкалық білім, Көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің мұғалімін және Дизайн мамандарын дайындайды. Аталған білім беру бағдарламаларының түлектері облыс, республика көлемінде спорт, мәдениет және өнер саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде айтарлықтай жетістіктер көрсетіп, өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ:М.Мамыров - еркін күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еңбек сіңірген спорт шебері,А.Шалкибеков -Волейболдан спорт шебері,С.Чарапиев -Самбодан спорт шебері, Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы,В.Седов – Ауыр атлетикадан  әлем чемпионы, Е. СүйенішБокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі,Г.Ерболова - Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 дүркін Азия, қазақ күрестен Әлем чемпионы,Д.Жұмабаева - Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 дүркін Азия чемпионы,Әлем чемпионатының қола, күміс жүлдегері,Л.Лопоногова- Аман Төлеев сыйлығының лауреаты, «Өмірге ұмтылу» қоғамының президенті,  Т.Серёжкина - ф.ғ. к., доцент ҚазХҚжӘТУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры,Д.Сапаргалиев - PhD, MBA, «Almaty Management University» ғылым жөніндегі басқарма директорының орынбасары, С.Сарсенбаева-ҚР Суретшілер Одағының мүшесі,М.Касымбекова- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

Жоғары мектептің профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғалымдары, ғылыми-зерттеу тобының мүшелері ғылыми жобаларды жүзеге асыруда белсенді атсалысуда.Олардың ішінде: А.Усенова, А.Абдухаирова, А.Тынысханова.

Жоғары мектеп құрамында әр жылдары төмендегі жоғары білікті мамандар білім беру, ғылым және тәрбие үрдістерін жүзеге асырып Жетісу университетінің ҚР жоғары білім беру мекемелерінің жоғары деңгейге жетуіне үлес қосуда: Г.Богодухов, м.ғ.д.,Н.Смаил,Т.Уварова,С.Сочин,Р.Хамитов, С.Канапьянов, Б.Битлеуов,  Г.Галиева, Р.Саутов,Т. Дуанаев, Е.Темиров, Х.Валитова, Ж.Таубалдиева, Ж.Баримбеков, М.Шыныбаев, Ж.Камбаров т.б.,

Жоғары мектеп студенттерінің жетістіктері: Б.Ақбаева-Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері,  С.Курмангалиев-белбеу күрестен спорт шебері, Әлем чемпионы.  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің студенттерінен құралған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы ҚР жоғары оқу орындары арасындағы жазғы универсиада қорытындысы бойынша жалы командалық есепте айтарлықтай нәтиже көрсетуде:

2011 ж –IV орын

2013 ж-III орын

2015 ж- V орын

2017 ж -II орын

2019 ж –III орын

2019 жылы "Атадан мұра" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен  ІІ республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" шығармашылық байқауында 1 курс студенті Тоғамбаев Құрмет 3 орын иегері.

2019 жылы "Кәсіптік оқыту" мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадада студенттері Бақыт Болат, Әділбек Темірлан, Нұрлан Нұрболат ("Электрон" командасы) 3 орын иегерлері.

2022 жылы Нұр-сұлтан қаласында «Алаш» өнер орталығы ұйымдастырған «Alash Star» халықаралық өнер байқауында 2 курс студенті Байадилов Айбек «Вокал» номинациясы бойынша II орын иеленді.

2013жылғы Дүниежүзілік жазғы универсиадаға қатысқан жоғары мектеп білімгерлері Д.Күрішбаева самбодан -3 орын, И.Берсанов ауыр атлетикадан – 5 орын жеңіп алды. Бүгінгі күнде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 спорт шебері, 70 тен аса спорт шеберіне үміткер  білімгерлер білім алуда.

Автор:
Е.Утегенов, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы.