Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ою – өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі (түрлері, стильдеу, мотивтері)


18 июня 2022, 10:49 | 11 518 просмотров



Ою – өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі (түрлері, стильдеу, мотивтері)

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес): 5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Сабақтың мақсаты:

*Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білу мен түсіну

*Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін зерттеу (ою-өрнек түрлері, мотивтері, қазақ халқының шығармашылығындағы ою-өрнек композициясының ерекшеліктері).

*Қазақ және  басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысу

Бағалау критерийі:

* Әлем және қазақ ұлттық  мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделейді

*Ою-өрнек түрлерін құрастырып, ажыратады.

*Ою-өрнек дайындаудың алгоритиін дайындай алады.

* Симметрия заңдылығын ұстанады, түрлі- түсті қағаздан, өрнекті қыйып алады, «кілемше» жасайды;

Тілдік мақсаттар:

Диалогке арналған тармақтар:

Ұлттық ою-өрнектің қандай атауларын білесіңдер?

Сәндік-қолданблы өнер туралы не білеміз?

Жазылымға арналған тіркестер:

Симметрия - ою-өрнектердің бір-біріне тең   келуі

Ырғақ   -     бір оюдың ретімен бірнеше рет      қайталануы

Калорит-  түстер үйлесімі

Композиция - ою-өрнектердің ретімен орналасуы,үйлесуі

Терминология:

Ою-өрнек- орнамент, сәндік-қолданбалы өнер-декоративно-прикладное искусство.

 

Құндылықтарға баулу:

- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар өз  ойын ашық айту арқылы , өзіне деген сенім артады.

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай алады.

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, жаратылыстану, әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім: Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, түгендеу.

2.Ширату.

«Екі жалған, бір ақиқат» тәсілі өткен тақырыпты пысықтау.

1.Белгілі бір заттың бетіне (кенеп, қағаз, ағаш) бояу арқылы салынатын көркем шығарамалар атауы.

а). графика

ә). кескіндеме

б). Мүсіндеу

2.Ғимарат, құрылыстарды жобалау және салу өнері.

а). Мүсіндеу

ә). кескіндеме

б). Сәулет өнері

3.Көркем туындылар ою, сомдау, немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер  түрі

а). пейзаж

ә). Мүсіндеу

б). графика

4.Мүсіндеу өнерінің өз көлемінің жарытыснан кем шығыңқы төмен бедер.

а). Горельф

ә). Барельф

б). Контррельеф

5.Табиғатты немесе жергілікті жерді бейнелеуге арналған өнердің бір жанры қалай аталады?

а). натюрморт

ә). портрет

б). пейзаж

6.Тұрмысқа қажетті көркем заттарды, (жиһаз, ыдыс, зергерлік бұйымдар)жасайтын шығармашылықтың бір түрі

а). Сәндік қолданбалы өнер

ә). графика

б). Сәулет өнері

ҚБ  «Шапалақ» әдісі

Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі

Ою түрлерін құрастыру  арқылы оқушыларды 3топқа бөлу

1-топ  « Құсқанат»

2-топ   «Қошқармүйіз»

3-топ   «Жауқазын»

 

Білу және түсіну. Белсенді оқу ортасын құру

«Stop кадр» әдіс

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түсіну, білу. Видео ролик көрсетем.

(Т) 1-топ. «Ойлан,топтас, талқыла» әдісі

Суретпен жұмыс

-Суреттегі СҚӨ туындыларының атауларын атаймыз

-Суреттердің ішінен тек қазақ халқына ғана тән бұйымдарды көрсетеміз.

-. Ал қазіргі заманда осылай ою- өрнекпен безендірілген бұйымдар қолданылады ма? Қажет пе?

Дескриптор:

- Суреттегі СҚӨ туындыларының таба біледі

- тек қазақ халқына ғана тән бұйымдарды көрсете алады

-кәзір ою-өрнекпен бұйымдарын қолданама, қажетпе өз ойларын жеткізе алады.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

 

2-топ. «Адасқан әріптер» арқылы сөз яғни,оюдың атын тап, суреттермен сәйкестендір.

МҮЙІЗАРҚАР

ҚОШМҮЙІЗҚАР
ҚАНАТҚҰ

ЖҰДЫЗЛ

КӨЗТАБО

УСӨРГІНЕ                                                                                   ТАБАНТЙЕҮ                                                                                                       ҚҰЛАҚТӨРТ

Дескриптор:

-адасқан әріптерден сөз құрап, оюларды атай біледі

-оюларды сәйкестендіреді

-ою-өрнек түрлерімен таныс болады.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

 

3-топ. «Жариялау» әдісі

Қазақ ұлттық ою-өрнегін дайындау алгоритмі.

«Қошқар мүйіз» ,  «Төртқұлақ»

  1. Нобай жасаймыз. Ою таңдаймыз. Мотив
  2. Қағазды алып бүктейміз (үш бүктеу)
  3. Таңдап алынған оюдың бір элементін саламыз
  4. Оюды мұқият қиып аламыз (кілемше түріне байланысты 2-4 мотив) Ою симметриялы болуы шарт
  5. Оюды жазып қағаз бетіне орналастырамыз (Раппорт)
  6. Кілемешенің шетін безендіру үшін шет ою жасаймыз. Ырғақ
  7. Оюларды ұқыптылықпен жабыстырамыз.

Дескриптор:

-ою-өрнегін дайындау алгоритмін жасақтай біледі

-мотив,симметрия,ырғақ,раппорт, элемент қолдану жолдарын көрсете алады

ҚБ «Басбармақ» әдісі

 

Саралау жұмысы

Мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушыға

«Құрастыр,жауап бер» әдісі

Қиылған бөлшектерден ою құрастыр және атын ата

Дескриптор:

-қиылған бөлшектерден ою құрастыра біледі

-ою түрлерін ажырата алады

Мұғалімнің көмегін аз қажет ететін оқушыға

«Жалғасын тап» әдісі

  1. Бүгінгі істі ...   қалдырма.      (ертеңге)
  2. Жеті рет өлше, ... рет кес.     (бір)
  3. ... ойғанның ойы ұшқыр.            (Ою)

4 .Шешеннің  ...  мерген,  шебердің ...  мерген        (сөзі,көзі,ісі)

  1. Киім пішсең кең піш,
    Тарылтуың ....
         Темір кессең қысқа кес,
        Ұзартуың .....                               (оңай)
  2. Шебердің ..... ортақ. (қолы)

Дескриптор:

-сөз тіркестерін жалғастыра біледі

-ою-өрнек туралы мақалдарды жатқа айтады.

ҚБ  «Бағдаршам» әдісі

Автор:
Саяси Маруа,«Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ-сі.