Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дала өрттерінің туындауы


23 июня 2022, 10:49 | 6 018 просмотров



        Дала өрттерінің туындауына кінәлі көбіне адам болып табылады. Оның демалыс және еңбек орнында отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағанынан. Көбінесе өрттің пайда болуы табиғатта демалыс орындарында,  аңшылық кезінде сөндірілмеген сіріңке, темекі және қараусыз қалған тағам жасау кезінде немесе жылыну мақсатында пайдаланған алаулардан, аңшылық кезінде атылған оқ-дәрінің шоғынан қураған шөптер тұтанып өрт туындайды. Өрттердің әсерінен мемлекетімізге үлкен шығын келтіріп, кейде адам өлімімен қайғылы оқиғаларға алып келеді. Осыған байланысты, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барлық тұрғандарына  дала және орманды жерлерде демалғанда, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді. Осылайша біз ауданымыздың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ағаштардың басқа түрлері өспейтін жерлерде өсетін, өте сирек кездесетін ерекше сексеуіл ормандарын сақтап қаламыз.

          Табиғи өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз.

        - ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге рұқсат берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.

       - желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

      - елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет.

      - өрт пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасанда әңгіме жүргізіңіз.

    - автокөлік жүгізушілері аудан аумағындағы жолдарда қатынау кезінде көлік ішінде темекі шегіп темекі тұқылын тастау кезінде толық сөнгеніне көз жеткізуге міндетті.

       Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына сәйкес  әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады

Автор:
Б. Сүйербаев, Талдықорған қаласының ТЖБ бас маманы. Азаматтық қорғау подполковнигі