Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жұмыс істеймін десең мүмкіндік бар


24 июня 2022, 18:13 | 9 813 просмотров



Елімізде еңбек пен жұмыспен қамту саясаты жылдан жылға өзгерістер енгізіп, халықтың тиімді өмір сүруіне әртүрлі жұмыстар атқаруда. Тек елдің ірі қалаларында ғана емес, әр облыста жұмыспен қамту орталықтары бар. Олардың жалпы мақсаты - оқуын жаңадан бітірген түлектер, жұмыссыз жүрген адамдар, мигранттар және т.б әлеумет топтарын жұмыспен қамту. 

    Биыл 500 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтып өткен болатын. Сонымен қатар, 16,4 мыңнан астам мигранттар біздің елде жұмыс жасайды. Ал олар әртүрлі квота арқылы санаттарға бөлініп жұмыспен қамтылып отыр. Және мұндай квоталар шетел жұмысшыларын тарту үшін жыл сайын бөлінеді. Әлеуметтік тағы бір топ, жастар да көзден таса қалмаған. Еңбек. кз сайты арқылы немесе орталыққа барып, жұмыс табу мүмкіндігі қарастырылған. Ақпарат пен технологияның дамыған заманында, халықтың өмір сүру тиімділігін жоғарылату мақсатымен, жұмыспен қамту бас назарға алынған. Және сапаға қызмет ету басты міндет.

    Сонымен қатар кезекті отырыста, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – РТК) кезекті отырысында еңбек қатынастарын реттеу, республикада қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы қаралған болатын. Тұжырымдама шеңберінде 2030 жылға қарай 4 негізгі міндет айқындалды: 

- тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту; 

- кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру; 

– еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту; 

- еңбекті қорғау саласындағы бақылау және мониторинг тиімділігін арттыру. 

Тұжырымдаманы іске асыру барысында 2030 жылға қарай зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер санын 15% - ға дейін төмендетуге қол жеткізу, өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендер санын 0,24-ке дейін (1000 жұмысшыға) төмендету, сондай-ақ еңбек қорғау саласындағы бұзушылықтар үлесін анықталған бұзушылықтардың жалпы санына шаққанда 15% - ға дейін азайту жоспарлануда. 

Автор:
Өз тілшіміз, Айымжан Аманболқызы