Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дін. Ұлтаралық татулық. Ассамблея


27 июня 2022, 07:07 | 10 734 просмотра



Дін көзге көрінбейтін, әр адамның жүрегінде болатын ұлы сенім. Дін рухани азық пен байлық. Ел болып қалыптасқан мемлекеттің тілі, салт-дәстүрі, өзіндік ұстанымдары бар. Дінді бұл қатарға қоспай кету қате. Ал мемлекетіміздің ең көп бөлігі діни сенушілер болып табылады. Қазақстан - әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Құшағына 130 дан аса мемлекетті сыйғыза алған елде басқа ұлт өкілдері қалай өмір сүреді? Олар әртүрлі дінді ұстана тұра тату ма?

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, "Этносаралық және конфессияаралық келісім - ол біздің баға жетпес қазынамыз. Мемлекеттің болашағы үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға міндеттіміз". 2018 жылы Алматы облысы халық саны бойынша Қазақстанның ең ірі өңірі болған. Және көп ұлт шоғырланған облыстың бірі. Соған байланысты жылына бірнеше рет қақтығыстарға куә боламыз. Жасыратыны жоқ мектеп түлегінен бастап, кәрілердің өзі осы мәселенің төңірегінде жүр. Алдыңғы жылы Пенжім ауылындағы қақтығысты ұлтаралыққа қатысы бар деп атап өткен еді. Себебі, ақпараттың дұрыс жетпеуінен. видео жазба Фейсбук желісінде тарап, біраз пропаганда алып келді. Видеоның астына пікір қалдырып, қазақ және ұйғырлар бөлінген болатын. Кейіннен Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ресми өкілі Майя Бекбаева фейсбук желісінде жергілікті тұрғындардың бейбіт әрі тыныш өмір сүруін қалайтынын және ешқандайда ұлтаралық қақтығыстың болмағандығын жазып өткен болатын.

Жалпы ұлтаралық қақтығыстар неден туады? Ол этносаралық, ұлтаралық қақтығыстан және ксенофобиядан пайда болады. Ксенофобия (үргедектік)- әдеттен тыс немесе белгісіз деп саналатын әдет-ғұрыптарға, мәдениеттерге және адамдарға деген шектен тыс, қатты қорқу және ұнатпау. Яғни әлі күнге дейін облыстар арасындағы тұрғындарға мейлі қазақстандық бола тұра, басқа этнос болғаны үшін оларды жақтырмау кезедседі. Олар статусымыз жоғары болсын дейді.

1995 жылы елімізде Ассамблея пайда болды. Ол этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етуде. Сонымен қатар, ҚХА мемлекеттік органдарға қоғамда экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы тұруға, демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етіп, ұлттық мәдениетті, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін жандандыруға, сақтауға және дамытуға көмектеседі.

Алматы облысында жыл сайын қайырымдылық іс-шаралары өтіп тұрады. Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай BaigeNews.kz 2020 жылы берген сұхбатында облыстағы Ассамблеяның жұмысымен бөлісті. Сол жердегі статистикаға сәйкес 300-ден астам адам бар, қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар базасы құрылған. Онда елдің ұлтаралық және этносаралық қақтығыстар болмас үшін, әртүрлі түсіндіру жұмыстары жүріп, қайырымдылық акциялары мен іс-шаралар ұйымдастырылатыны айтылды.

Дінге келер болсақ, дүние жүзі бойынша діни қақтығыстар көп. Ол қақтығыстар саясат саласы үшінде, радикалды ағымдардың идеологтары өз идеяларын алға жылжыту үшін белгілі бір аймақта орын алады. Ол әрине экономикаға да, әлеуметке де қиындықтар туғызады. Мәселен, Сирияны алсақ, бейбіт тұрғындар қайтыс болады, қалалар мен ауылдар, сәулет ескерткіштері қирайды. Ең өкініштісі террористер өздерінің қылмыстарын дінмен ақтайды. Бұл жағдайда дін жеке топтардың саяси мақсаттарына жетудің құралына айналғаны анық. Ислам - бұл жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайды, ол өте таза, пәк дін. Біз діннің мейірімділік, әділеттілік, махаббат, құрмет және зорлық-зомбылық пен террорға ешқандай қатысы жоқ екендігін жақсы білеміз. Бірақ адасып, жас-кәріге қарамай діни террористік ұйымға қосылып кететіндер жоқ емес. Мұның себебі - діни сауатсыздық. Экстремистік топтардың қу айласына тез алданып, ислам ілімдерін дұрыс түсінбей жатып осындай кесепат дүниелерге түсетіндер көп. Және террористик топтар, өздерін шынайы исламды ұстанамыз, ал қалған мұсылмандар адал емес деп сендіреді. Бұл жағдайда әлеуметтің көмекке мұқтаж тобы жастармен белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізілгені дұрыс. Олардың өзін-өзі тану және сыни ойлауына, дамуына үлес қосылу қажет.  Себебі діни ағымға көзсіз еру олардың болашағына балта шапқандығы. Діни ағымға сенушілер, өмірден бас кешіп, оқыған оқуы мен істеген жұмысын ысырып жүр деген жаққа еріп кетеді.

Алматы облысының жастарына қойылған сауалнамада, жастардың 82 пайызы діни ағымдардан хабардар екендігі анықталды. Олар өздерінің дінін жақсы біледі және ешқандай да діни пропагандаға ілеспейтіндігін жеткізді. Және әрбір алтыншы жас мектеп түлегі, колледж студенттері немесе олардың туысқандары сондай топтың өздерімен байланысқысы келгендігін, тағысын неше түрлі әлеуметтік желі арқылы олардың санасын улауға тырысқандығын айтып өтті. Жастардың айтуынша діни кітаптар таратып, олардың ойын бұзуға тырысқандардан, оларды көргенде бірден айналып қашатынын жасырмай айтты.

Алматы облысының дін істері басқармасының өкілдері және ислам танушылар жинақталған тәжірибесімен үнемі бөлісіп, осындай жағдайлардың алдын алуға қызмет етуде. Адамдардың экстремистік ұйымдар қатарына қосылуының басты себебі жоғарыда айтып өткендей діни-құқықтық сауатсыздық. Басқарма мамандары осы мәселені шешудің өз әдістері бар екендігі және олармен тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндері туралы хабарлаған. Аталған жұмыстарды жүргізудің жалпы мақсаты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Жалпы дінді де білімді де сауатты түрде меңгеру сіздің өміріңіздегі тепе-теңдіктің кепілі. Ислам танушылар айтып өткендей, дін мен өз өміріңізді құстың қанатындай тепе-тең ұстаған жөн. Қайсысына басымдық берсеңіз, сол жаққа қарай құлап кетуіңіз әбден мүмкін.

Автор:
Өз тілшіміз, Айымжан Аманболқызы