Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алып қашу сөзсіз қылмыс


15 июля 2022, 19:46 | 10 991 просмотр



Салт дәстүріміз деп қылмыстық істі қозғап жүрген жастарымыз аз емес. Алып қашу - жас қыздың өміріне балта шабатын, оның бүкіл тағдыры мен жеке бас мүддесін таптау.

Қазір азайғанымен толыққанды тамырын жоғалтпаған бұл іс Алматы облысында азды-көпті емес. Бірақ облыстың кей аудан-ауылдарында арасында кездесіп тұр.

Елімізде қалыңдықты ұрлаған адам мен ұрлауға қатысушылар қылмыстық кодекстің 125-бабы ("Адамды ұрлау") бойынша жауапқа тартылады. Егер қыз некеге келісімін бермесе, онда оны ұрлау қылмыстық іс болып саналып, ол үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл қылмысты бір топ адамның жасауы жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Білім шапағаты газеті Алматы облысының тұрғынымен тілдескен болатын. Клара (есімі өзгертілген), 17 жас.

- Мектеп оқушысымын, яғни 11 сынып түлегі. Сабақтан кейін достарыммен жиынға барған едім. Сол жерде танысқан жігіттер, біз үйге қайтар сәтте мені көлікке сүйрей жүгірген болатын. Бағыма орай әкемнің таныстары көріп қалып құтқарды. Кейін қатты кеш қалып, қыдырмауды шештім. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Бір сәтке, ойлап қарасам тұрмысқа, өзінің қалауынсыз шығатын қыздарға жаным ашиды. Олардың намысы тапталады, қылмыс жасаушылардың жеңгелері көндіру үшін небір құйтырқы айлаға барады және ақыр соңында, тәрбие, ұятпен көніп қалатындар аз емес. Олар үшін бұл үлкен стресс және ауыр манипуляция.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы “Жамбыл атындағы” саябақта адамдардан сауалнама алдым. Жас аралығы 17-29. Қуанышқа орай көбісінің ойы бұл мәселеде өте сауатты. Жастар үшін, рұқсатсыз өзі танымайтын адамның шекарасына кіру және оны алып қашып, бақытты өмір сүріп кетемін деп ойлау қате. Ақылға қонымсыз дүние. Егер екі жақтың қосылуға жағдайы жоқ болса, келісіп алып қашуға көзқарастары жаман емес. Қылмыстық жазаға тартуға, бас бостандығын айыруға көбі келіспейді және ол адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жасап, белгіленген мөлшердегі айыппұл төлесе жеткілікті деп бөлісті, облыс тұрғындары.

Адам ұрлаудың әртүрлі қылмыстық түрі бар. Бірақ елімізде ең көп кездесетіні ол - алып қашу. Осыған тоқталып өткеніміз бекерден емес. Соңғы жылдары бұл істің азайғаны және адамдардың өз өміріне алаңдаушылығы әрине қуантады. Президентіміз Жолдауында айтып өткендей, халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет. Және әрбір адам маңызды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Автор:
Айымжан Аманболқызы