Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Есептер шығару/ Велосипедпен саяхатқа шығу


29 июля 2022, 08:29 | 1 419 просмотров



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты     

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде  модельдеу/есепті шешу үшін  тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару

/ кері есеп құрастыру және шығару.

Сабақтыңмақсаты:          

Сабақтың басы:

5 Т ережесін еске түсіру

            Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

            Уақытты үнемдейміз!

            Нақты,дәл жауап береміз!

            Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

            Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

«Білім зерттеу» логикалық сұрақтар «Он сұрақ» әдісі

  1. 10 мен 20 ның қайсысы артық?
  2. Өзара кері амалдарды ата?
  3. 1 сағатта қанша минут бар?
  4. Аптадан еше күн бар?
  5. Уақытты көрсететін құрал?

6 Сендер неше жастасыңдар?

7 Нешінші сыныпта оқисыңдар?

8 Сыныпта қанша оқушы бар?

9 Қанша ұл? Қанша қыз бар?

10 Балалар, бүгін қаңтардың нешесі?

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ынталандыру

Велосипед  жылдам, жедел аяқ адам күшімен қозғалатын көлік түрі.

Велосипед тебу –бұлшықетті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады. Көлікпен салыстырғанда велосипедтің тағы да бірнеше артықшылығы бар: парковка, бензин, штраф төлеуге артық ақшаңыз кетпейді.   

Велосипед тебужүрек-тамыржүйесінжақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады. 

Өзектендіру.

Велосипедте саяхаттаған адам осыған арналған жерлерде көптеген велосипедшілер болатынын міндетті түрде біледі. Олар саны жағынан әркелкі серіктестіктерде велосипед тебеді. Біреулер жылдам тебеді, кейбіреу ақырын. Сондықтан,біреулері басқаларын басып озады, ал кейбіреулер қалып қояды. Адамдар велосипедтерін қайда қояды?

Кей отбасыларда  бірнеше велосипед бар. Әлия мен Сырым, кезекті велоқыдырыстан кейін сендер үшін есептер ойлаптапты, кәне, соларды шығарайық.

Есептер құрастыржәне шығар.

Тұрақта 10 велосипед болды.

Серуендеу үшін ...

Оқушылар есептің қысқашажазбасы мен суретке қарап есеп құрастырады.

Болды  - 10 в.      

Алыпкетті  - 4 в.              

Қалды -? в.

Шешуі:  10 – 4 = 6 (в.)

Жауабы: 6 велосипед қалды.

Есептің шартына сәйкес келетін тірек сұлба мен сызбаны толтыруы қажет.

-Есеп қандай түрге жатады? (Қанша қалғанын табу).

 Бұл есепті неге осы түрг ежатқызуға болатынын түсіндір

Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №2 тапсырманы өз бетімен орындату.

Есептерді шығар.

Ол үшін бірінші есептің нені табуға берілгенін анықтайды (Қосындыны).

Екінші нені табуға берілген есептің түрі? (Қанша қалғанын табуға)

Қиындықтарды түзету. Тапсырмалардың орындалуының дұрыстын, қиындықтардытүзету

– Кімде қиындықтар туындады?

 – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктердітүзету). 

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптерден 1-тапсырманы орындату.

Есеп құрастырып, оны шығар.

Тақтамен жұмыс

Дәптердегі №3 есепті орындату

Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырма.«Сиқырлы» сандарды тап.

1-өрнекте бірдей 3 велосипедтің қосындысы  90-ға тең. Қандай бірдей үш қосылғыштардың қосындысы  90-ға тең? (30)          

 30+30+30=90

Енді 3-өрнекті қарастырамыз.  Екі велосипедтің қосындысы 50-ге тең.

Бірінші велосипед, яғни бірінші қосылғышбелгілі, ол 30-ға тең.

Қосуға кері амал азайтуды пайдаланып 2-қосылғышты табамыз.  50-30=20

Осыдан кейін 2-өрнекті қарастырамыз.  2 қосылғыш белгілі, 3- қосылғышты табу үшін азайту амалын пайдаланамыз.  20+20=40     80-40=40

Жауабы: Сиқырлы сандар – 40, 30, 20.

Кері байланыс «Жеміс ағашы»

Автор:
Акимжанова Баян Сайлаубековна, Алматы облысы , Ұйғырауданы , Шонжы ауылы“ Абай орта мектебі КММ