Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білімдінің беті жарық, қайда барсаң да жол ашық


29 июля 2022, 08:33 | 768 просмотров



Қазіргі таңда мұғалімдер қауымына  қойылатын талап күшейтіліп келеді.Осыған байланысты жалпы орта мектептегі оқу үдерісінде тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану бүгінгі күннің басты талабы. Жаңа бағдарламаның мақсаты оқушы өзі ізденіп, өзі ойлап тауып  ситуациядан шығу керек. «Білімдінің беті жарық,қайда барсаң да жол ашық» дегендей не артық ? Білім

Ендеше білім ғана бізді дамыған елдердің қатарына жетелейді. Алдымыздағы еліміздің болашағы-ұрпақтарымызды сауатты, жан-жақты болуға өз үлесімізді қосып келеміз. Сіздерге жана тиімді әдістің бірі- Воскобовичтің «Қызықты шаршы » және  Геокант әдісін ұсынғым келеді. Бұл әдістер жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәні аясында логикаға бағытталған тиімді әдістің бір ерекшелігі болып табылады. Воскобовичтің «Қызықты шаршы » екі немесе төрт түстен құрастырылған 32 үшбұрыштан тұрады, бір жағы 16,екінші жағы 16 ,оны оңай бүкетеуге болады.Әр қырынан әртүрлі заттар шығаруға болады.Мысалы үй,қайық,шаршы,гүл,ұшақ тағы басқа. Бір жағынан бас қатырғышқа келеді,жай ойнап қана қоймайды,ізденеді.  Геокант әдістері өрмекші торы,геометриялық фигуралар,сызба бейнелер,сандар,әріптерді құрастыра отырып саусақтарыжаттығады, түр-түсті ажыратады, ойланады, еңбектенеді, құрастырады. Сұрақ қою арқылы терең ойланады, қате жіберсе қарастыруға болады.Оқушының барлығы үлес қосады,ортақ пікір жүреді, қызығушылықпен ынталана жұмыс жасайды. Жеке немесе жұппен ,топқа берілген ресурстарды пайдаланамыз.Ым, ишара белгілерін пайдалансақ болады.Ойлануға уақыт береміз, нақты дерек көреді, есте сақтайды, логиканы қолданамыз,бүкіл сыныппен орындаймыз, тығыз байланыс орнатуға болады.Жеткен жетістігін,табысын атап айтып отырамыз,ортақ қорытынды шығарсақ болады.

Нені үйрену керек ? геометриялық денелер,математикалық жұмбақтар,зат санауды ,есеп шығаруды үйренеді.

Нені білу керек ? Дұрыс логикалық есептерді шығаруды, дұрыс құрастырып орындауды білу керек.

Тапсырма қалай берілуі керек ? Тапсырма анық,нақты берілуі керек.

Воскобовичтің «Қызықты шаршы » және  Геокант әдісін, жіппен жұмыс ойынын  қолдану арқылы   оқушылар шығармашылықпен айналысып, жан-жақты дамыта аласыздар.Бұл әдіс-тәсіл оте тиімді.

Автор:
Куджакулова Алмагуль Кенжебековна, «Абай орта мектебі » КММ, бастауыш сынып мұғалімі. Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы