Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектеп формасы қалай болмақ?


4 августа 2022, 09:04 | 10 619 просмотров



Жаңа оқу жылының басталуына 1 ай уақыт қалды. Індет кезінде форманың түсі және мектепке барғанда бейне аса маңызды болған жоқ. Жартылай онлайн оқумен өткен уақыт, қиын қыстау кезеңде оқушыларға аса қатты салмақ түсірмеді.

Күні кеше Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, Алматы қаласының Білім Басқармасының басшысы Ляззат Жылқыбаева оқу формасы тақырыбында кеңірек тоқталып өтті.

          "Мектеп формасы бойынша ұсыныстар пандемияға дейін қолданылды. Пандемияның екі жылында біз ыңғайлы форманы киюге рұқсат бердік, бірақ осы жылдан бастап оқу процесі толығымен офлайн бағытта. Сондықтан талап өзгереді. Яғни, Алматыда мектеп формасының түсі - қою көк",-деп түсіндірді спикер. Демек, бұл шара Алматы облысында да қолданылатыны анық.

          2016 жылғы Білім Басқармасының басшысы осы қою көк бірыңғай мектеп формасы деп айтқан еді. Қазіргі таңда әлі бір үкімге қол қойылып, нақты кесілген жоқ. Шамамен, қою көк мектеп формасы болатыны анық.

          Мектеп басшылықтары біріңғай барлық ата-ана бір жеткізушіден (поставщик) алу керек деген талап қоя алмайды. Алған форманың сұранымға сәйкес келгені ғана жеткілікті екені де айтылды.

          Ең маңыздысы және оқушылардың көбі ұнататын жеңіл макаси немесе спорттық аяқ киім. Ляззат Жылқыбаеваның айтуынша стандартқа сәйкес, спорттық немесе классикалық аяқ киім бекітілмеген. Тағы да ата-ана таңдауы мен ыңғайына байланысты. 

          146 800 мыңнан астам қаралым жинап, 3 сағат бұрын ғана салынған тикток видео біраз талқыға салынып жатыр. “Я учусь в школе, где форма одежды важнее, чем образование” деген тақырыпта. Пікір қалдырған 347 адамның жартысы “не в школе, а в стране” десе, тағы бірі “мектепте оқушылардың теңдігі сақталуы керек” деп бөлісті. Көп емес, бірақ кейбір оқушыларды мектеп формасына сәйкес киінбегені үшін, мектептен шығарып жіберген жағдайлары туралы бөліскен.

          Видео-сілтеме: https://www.tiktok.com/@asylbek.bolatbekov/video/7125683957378731269?_t=8UNwmpK5KnV&_r=1

          Теңдіктің сақталғаны дұрыс, мектептің тәртібіне де қараған дұрыс. Бірақ бәрінен маңыздысы алатын білім.

Автор:
Айымжан Аманболқызы