Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

NIS түлектері әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды


8 августа 2022, 13:57 | 10 678 просмотров



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері отандық жоғары оқу орындарына ғана емес, әлемнің шетелдік университеттеріне де шақырту алуды жалғастыруда.

Ельнара Нәдірбаева АҚШ-тың екі университеті Baylor University және Hult университеті, екі итальяндық университет Пиза университеті, Болонья университеті сияқты бірқатар білім гранттарының иегері атанды.

– Университет таңдау – әрбір түлектің өміріндегі маңызды сәт. Мен Болонья университетіне «Бизнес және экономика» мамандығы бойынша оқуды мақсат етем. Зияткерлік мектеп арқасында мен өзімнің көшбасшылық қабілеттерімді, сыни тұрғыдан ойлау және талдау дағдыларын дамыта алдым. Сондықтан мен үшін бәрі ойдағыдай болатынына сенімдімін, – дейді түлек өз сұхбатында.

Мектеп қабырғасында Ельнара еріктілікке көп көңіл бөлді: «Айналайын» ​​балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілінен сабақ берді, «Home dog» жобасы бойынша сыныптастарымен бірге панасыз жануарларға үйшіктер жасады, сонымен қатар Аналар үйіне әлеуметтік қолдау көрсетті.

– Кейін өкініп қалмас үшін бәрін істеу керек. Бақытты және табысты адам болуға тырысам, – дейді Венециядағы жетекші университеттердің бірінің грант иегері Анель Башарова.

Анель Ca Foscari университетінде цифрлық басқаруды таңдады. Университет ТОП – экономика, менеджмент, халықаралық қатынастар және лингвистика саласындағы мамандарды дайындайтын 150 үздік университеттің қатарына енді; Италиядағы ең көне бизнес мектебі болып табылады.

Сондай-ақ Әлихан Тынышбаев Италиядан Римдегі Сапиенца университетіне шақырту алды, онда NIS түлегі қолданбалы информатика және жасанды интеллект бойынша оқуға ниетті.

Автор:
NIS города Талдыкорган