Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қызға “ұл” тіркесін қосып, есім қою қаншалықты дұрыс?


28 августа 2022, 08:06 | 7 868 просмотров



Қазақта не көп ырым көп. Олардың ішінде ең танымалы қызға ұлдың есімін беру. Басына "ұл" сөзін тіркестіріп, Ұлпан, Ұлдана есімімен жүрген қыздарымыз көп. Оларға ыңғайлы ма? Ұнайды ма?

75 400 қызға ұл есімі қойылған. Статистика 2019 жылы БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялаған болатын. дереккөз төмендегі сайттан алынды: https://kazakhstan.unfpa.org/ru/news/юнфпа-отмечает-международный-день-девочек-показом-трейлера-к-будущему-документальному-фильму

Қызға қоюдың мақсаты - артынан ұл еру ғана. Бұл ырым ба, сенім бе, кім біледі? Дегенмен, адам есімі өзіне лайықты болу керек деп жатады. Қыз баласының қоғамдағы орны, бұрындары биік болмағандықтан, қаншама қыз - ұл тектес есіммен жүр. Ойлап қараңызшы, ұрпақты жалғастырушы әйел болса, олардың көбеюіне неліктен отбасылар қарсы болды?

Осындай ұл тектес есімдер әйел қауымын төмендетуге жатпайды ма? Әлемде не көп, адамға қойылатын есім көп. Оның көпшілігі әйел қауымы болғандықтан, қыз балаға есім жетіспеушілігі жоқтың қасы. Оның салдарынан туатын комплекстермен қыздар қауымы оңайшылықпен өтпесі анық. Көптеген кемсіту, келемеждеу осы есіммен байланысты болып келеді. Ес біле қыз балада мынадай ой қалыптасуы мүмкін, тек өз отбасына жәй ғана ұл тууға деген ырымға жол ашу.

Алматы облысында да ұл тектес қыздарымыз көп. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Бақытжан, өз есіміне еш қымсылмайтынын айтып өтті.

- Менің есімім - Бақытжан. Менің алдымда қыз туылғаннан кейін, ата-анам ұл бала болсын деген үмітпен ырымдап қойған. Есімімді азан шақырып қойған атам. Бірақ, бұл есім мені ешқашан көп уайымдатпады. Ес біле, үйдегілер бақытты адамның ұл - қызы болмайды дегеннен кейін жадымда солай сақтадым. Жасырарым жоқ, көптеген кемсітулер болды, ұлға теңеу, немесе есімімді айтса күлгендер де аз емес. Бірақ кейін өзімді, керісінше тез есте сақтайтынын байқадым. Жақсы жақтарын ойдауды әдет қылдым. Расымен артымнан ұл ерді. Бір емес үшеу. Бұл ырым дегенге мүлдем келіспеймін. Бәлкім, жәй сәйкестік шығар?!

Негізінен бұлай ырымдап , қыз балаға ұл есімін қою мүлде дұрыс емес. Қыз адам емес пе?

Дүниеге қыз баласын ғана алып келген отбасылар ұл таппадық деп ажырасып жатады. Бұның бәрі өте қате ұғым. Ең бастысы, оның адам санатына қосылып, жақсы адам болуында емес пе? Мейлі, қыз болсын, ұл болсын екеуі тең деңгейде өсірілуі қажет. Біреуін кемсітіп, екіншісін асқақтату, қыз баласын адам қатарына қоспай, сонымен қатар қыз үйленіп кететін қонақ, деп қабылдау адамдық қасиетке жатпас.

Қоғамда кең белес алып келе жатқан осы ұл есімдері әлі күнге тоқтаған емес. Қай жағынан қарасақ та, ұл есімін қойып, ырымдап ұл туады деген түсінік қалыптастыру ақылға қонымсыз. Қазіргі таңда мұндай есімдер өте аз. Статистика бойынша қазір қыздар саны аз да, кем де емес. Бірақ, ата- аналарға айтарымыз босқа, бала өміріне балта шаппай өзіне лайықты қыз есімін қойғаны дұрыс болар дегіміз келеді.

Автор:
Айымжан Аманболқызы