Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ана мен баланы қорғау


28 августа 2022, 08:17 | 10 859 просмотров



  Кез келген мемлекет үшін ең асыл қазына - адам. Сол адамдардың бақытты, өз мүддесіне сай өмір сүруі - мемлекеттің тиімді өмір сүруге мүмкіндіктер жасай алуында. Соңғы кездері маңыздылығын жоғалтпай отырған тақырыптардың бірі ана мен баланы қорғау.

    Қазір ана босанғаны үшін немесе жөргекке төленетін қаржы жайында айтпаймыз. Біз қозғағымыз келетін дүние ол ананың баласын алақанына алуы.  Босану жөніндегі қиындықтар мен, ауруханалардың қызметі туралы болмақ.

     2020 жылы босану кезіндегі әйелдер өлімінің өсімі 2,8 есеге өсіп, 156 қазақ отбасы анасынан айырылған. Жылдан жылға ана өлімінің жоғары болуының негізгі себептерінің қатарында перзентханалардың нашар жабдықталуынан. Реанимация бөлімшелерінің жағдайы жақсы емес, ауруханаларда ауыр науқастарды емдеуге арналған құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар жетіспейді.

   Әрбір аяулы жанға дүниеге сәби алып келу ол өте ауыр жүк. Ал біздің елімізде, нақтырақ Алматы облысында қандай жұмыстар атқарылуда? Жақында ғана әлеуметтік желіде тарап кеткен Алматы облысының перзентханасындағы болған жағдай. Әйел босанып жатыр, ал акушерлер бар дауысымен айқайлап, тіптен пациентті ұруға дейін барған. Комментарий екі тарапқа бөлінді: Бірі сұмдық, мұнысы нес?- десе, екіншілері ол енді баланы аман сақтап қалу үшін жасалып жатқан дүние - деп жазуда. Видео қазіргі таңда өшірілген екен. Дегенмен, адамды ұрғаны артық кеткені. Ол жерде нақты болмағаннан кейін, белгілі бір пікір қалдыру мардымсыз. Мүмкін пациенттің есін жинау үшін ұрды. Ақиқаты біреу, баланы сақтап қалу үшін акушер қол көтерген сияқты.

    Жақында ғана босанған әйелдермен сұқбаттассаң, бәрінің айтып бөлісетіні ол  өздерінің қорқынышы туралы. Мемлекеттік перзентханаларда дәрігерлер салғырт қарайтындығы және көп жағдайда өте дөрекі қаратпа жасайтынын жасырмайды. Олардың айтуынша, ең бірінші босанатын әйел үшін бәрі қиын. Ештеңені білмейсің. Ал сол уақытта белгілі бір ақпараттық түсіндірме жұмыстары болса және қалай демалу керектігін үйретсе деген сынды кеңестерін ұсынады. Ол тұрмақ, толғақ қысып тұрғанның өзінде әлі емес деп ұрсып беруінде. Тек бала тынысын ғана тексеріп өте беретіндігінде. Бәлкім, күніге қаншама адаммен босандыру жұмысы жүргізілгеннен кейін, мінез-құлықтары қатал болып кеткен шығар?!

   Перзентханаларда қажетті құрал-жабдықтарды арттырса. Неліктен ақылы бөлімдегі жағдай, мемлекеттік п ерзентханаларда жасалмайды?  Психологтың жұмысы бұлай тұрсын, консультация берілсе. Және түрлі жаттығулармен, ақпараттық жұмыстар жасалынса игі болар еді. Әрбір адам Конституцияда айтылғандай, маңызды. Неліктен сол ана мен баланың денсаулығы үшін, өмір сүруіне жағдай жасамасқа?

Автор:
Нұрым Нұрлыбеков