Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Еліміз неліктен зорлық-зомбылықтан көш бастап тұр?


31 августа 2022, 03:57 | 11 138 просмотров



Тикток желісінде қоғамды дүр сілкіндірген бір тренд жаулап тұр. “Горгона Медуза” деп аталатын тренд, тек қана бұрымды қыздарымыз зардап шеккенімен қатар, айдарлы ұлдарымыздың да жәбір көргенін түсіндіріп өтті. Мұндай зорлық-зомбылықтың ашық айтылуы өте маңызды. Желідегі жастардың айтуына қарағанда, олар үшін бұл әлеуметтік желі жайлы, әрі сенімді болды. Ойларын ашық айтуға және оларға белгілі бір көмек, жылы сөздер болатындықтан, олар осы желіде көп отырады. 

Бұл әлеуметтік желі арқылы көптеген қоғамдық мәселелер көтеріліп, бірінің шешімі табылса, енді бірі керекті жерге жетіп отыр. Жоғарыда айтып өткен трендті, толыққанды ашып өтсек. “Горгона Медуза” нені білдіреді? Ол дегеніміз, бір аңыздан қалған термин. Посейдон деп аталатын құдай, құсқа айналып, Афина ғибадаханасында Медузаны зорлаған. Және Афина құдайы ашуланып, қыздың шашын жыланға айналдырып, бетінің сүйкімін кетірген деседі. Байқасаңыз сол бейне, көп шығып кетті. Әрі оны тату ретінде денесіне салдырған жастарды байқап отырамыз. Бұл жағдай нені түсіндіреді? Біздің әрбір қызымыз рұқсатсыз денесін ұстау (домогательство) құрбаны болса, әр үшінші қыз зорлықтың зардап шегушісі болып отыр. Өкініштісі, еліміздің барлық облысы түсірген. Ішінен Алматы облысының тұрғындарын да кездестіре аласыз. Бұл өте сұмдық жағдай. Және қоғам болып көтеріп, осы мәселеге нүкте қойылатын кез келді деп санаймыз. 

Зорлық-зомбылықтың кең етек жайып отырғанының бірден бір мәселесі, оны ашып айтпағандықтан. Бұл тақырып, халық әлі күнге дейін табу және “ұят”. Қылмыстық істің қозғалуы тек арнайы дәлелдемемен ғана. Алайда, сөзбен және психологиялық тұрғыда жәбір көрген адам не істемек?

Кез-келген зорлық түрлерінің алдын алу және жою қажет. Алдын алу үшін заңнамаға өзгерістер енгізілу керек. Алдымен, балаларды осы жағдаяттардан құтқаруды негізге алу керек. Ата-аналар бейғамдық танытпаса, және де балалары үшін үлкен жауапкершілік ала білсе. Зорлық-зомбылық жайында шағын ақпаратпен баламен бөліссе, мысалға бөтен адаммен сөйлеспе, деген сынды дағдыларын дамытуы маңызды. 

Мектептің де алар жауапкершілігі өте зор. Себебі, баланың өсіп-өнуі мен дамуына тигізер үлесі бар болғандықтан, балаларға ненің дұрыс, дұрыс еместігін түсіндіре білу керек. Баланың мектептен үйге қайтар жолында қандай сақтық шараларын білу керектігін түсіндіру керек. Қоғам болып балаларымыздың өмірін сақтауда титымдай әрекет жасасақ, берекеті міндетті түрде болады. 

Автор:
Айымжан Аманболқызы