Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Облыстағы білім жаңалығы


3 сентября 2022, 13:06 | 10 688 просмотров



Алматы облысындағы білім ошағының мәселесі көтеріліп, алдыңғы апта оқу-ағарту министрі Асхат Айтмағамбетов жұмыс барысымен келген болатын. Қонаев қаласындағы мектептер мен ауылдық мектептерді аралап, олардың жағдайымен таныс болды.

Жалғыз Қонаев қаласы емес, Алматы облысындағы біраз ауылдық мектептерде үш ауысымдық мектеп бар екені жасырын емес. Министрдің айтуынша, басты назар үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу болып табылды. Және тағы да басқа алаңдатарлық дүниелермен танысып, ақпараттық-түсіндірме жұмысын жасап өтті. Жоспарда жаңа мектептер салыну көзделуде. Осылай білім саласына алаңдатушылығын көрсетіп, жұмыс жоспарымен келу біраз мәселемен бетпе-бет алып келеді.

Облыстағы тағы бір мәселе, осыдан 1,5 ай бұрын облыстық прокуратура жалған дипломмен жұмыс атқарып жүрген, 122 ұстазды анықтаған. Бұл білімге балта шабу емес пе? Коррупциямен алынған дипломмен оқушыларға қалай сабақ беріп жүрген? - деген сұрақ бізде туындайды. Сатып алған құжат, білім беруші ұстаздың сыбайлас жемқорлық ойы бар. Және оған қарсы еместігін білдіреді. Ойлап қараңызшы, өзің диплом алып сабақ беріп, оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы үғындыру ақылға қонымсыз емес пе?! Тіпті, жақсы, онысын қоя бер, мұндай мұғалім өзі жақсы оқығанымен, беріп отырған пәнін жақсы білетін болса да, оқыту әдістемесін білмейді. Яғни білу басқа, оны үйрете білу қабілеті басқа. Ендігі сабақтың алғашқы күндері басталуда, мұндай жіті қадағаланып отырғаны да дұрыс, әрі керек.

Жағымды жаңалықпен бөлісе кетсек, қыркүйектің алғашқы күнінен бастап, 80 жаңа мектеп есігін ашады. Айта кетсек, демографиялық өсуге сәйкес Алматы қаласы және облыста оқушы орны аз еді. Сол мәселенің шешімі ретінде осы мектептер жұмысын бастамақ. Әлі де облыста жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектептер бар. Алдағы жылда мұндай мәселелерден түгелдей арыламыз деген үміттеміз.

 Әрбір мақалада ерекше көңіл бөліп тоқталып өтетін тақырып - ол баланы қорғау. Оқу жылында әрбір мекеме орны өздеріне жауапкершілік алып, балаларды қорғауда атсалысады, - деген сенімдеміз. Еліміздің басқа қалаларында сақтық шаралары үшін бейнекамералар орнатылып жатыр. Демек, бұл мәселеге оқу орны бейжай қарамайды. Сақтық шаралары үшін арнайы профилактика жасалынады деген үмітіміз бар.

Автор:
Нұрым Нұрлыбеков