Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сала ардагерлерін құттықтау


6 сентября 2022, 12:05 | 10 744 просмотра



«Тең қоғам» қолдау» орталығы әрі, «Аманат» партиясы Жетісу облыстық филиалы «Авангард» бастауыш партия ұйымының мұрындық болуымен 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай қаламыздағы бір топ тыл еңбеккерлері, ардагерлер, білім, медицина саласындағы мамандарға құрмет көрсетілді.
Орталық маманы, бастауыш партия ұйым төрағасы Ғазиз Аманжолұлы медицина саласының ардагері Айгүл Байгалиева, Білім саласындағы ардагерлер Жазира Омарқұлованы және тыл еңбеккері Мәпіш Шәкенова, көпбалалы ана, тыл еңбеккері Гүлжаухар Райымбекованы құттықтап, сыйлықтарын беріп, жылы лебіздерін берді.
«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін» - деп құттықтау тілегін білдіріп өтті. Ардагерлер де өз ақ тілектерін білдіріп, батасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.
Жалпы орталық әрдайым мереке сайын түрлі саладағы ардагерлерді, мамандарды құттықтауды дәстүрге айналдырған.

Автор:
Тең қоғам қолдау орталығының баспасөз қызметі