Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мектепке жол» акциясы


6 сентября 2022, 12:06 | 12 222 просмотра



Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, аталған шара бүгін «Тең қоғам» қолдау орталығында ұйымдастырылды.
Орталықтың қызметкері, әрі «Аманат» партиясы Жетісу облыстық филиалы «Авангард» бастауыш партия ұйым төрағасы Ғазиз Аманжолұлы 2 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарларымен сөмке табыстады.
Мектептен келген ұстаз Жазира Омарқұлова аталған акцияда оқушыларға қолдау көрсетіп, демеушілік еткен азаматтарға алғысын білдіріп, жылы лебізін айтты. Ғазиз Аманжолұлы оқушыларға оқу жылында озат болып, мектептің атағын түрлі олимпиядаларда абыроймен қорғап, еліміздің тізгінін ұстайтын білікті азаматтардың қатарында болуына тілек білдірді.

Автор:
Тең қоғам қолдау орталығының баспасөз қызметі