Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан халқы тілдері күні апталығы аясында «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы»


8 сентября 2022, 11:53 | 10 802 просмотра



Сайын Мұратбеков атындағы «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ- нің Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл – адамзаттың рухани байлығы» атты тақырыбында және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығының есебі.

 Жылдағы дәстүрге сай мектепте   тілдер апталығы  өткізілді.Тілдер апталығында  өткізілетін іс-шаралардың арнайы жоспары құрылып, жоспар  бойынша барлық іс-шаралар атқарылуда. Апталықтың ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді. Қазақстан Республикасы Тілдер күніне арналған «Тіл – адамзаттың рухани байлығы»  атты тақырыбында барлық қатысушылар ат салысты.

Өтілген күні: 05.09.2022 жылы.

Жауапты ұстаздар: тілдер бірлестігі, Ғ.Матеева, Г. Дауталиева, Г.Сүлейменова, А.Нукербаева, Н.Нурмухаметова, М. Сартбай.

Іс- шараның мақсаты:

-Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

-Патриоттық  сезімін  оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт — дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесімізді қосу.

-Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

-Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Жалпы қамтылған оқушы саны: 180

Автор:
Талдықорған қаласының 9 орта мектеп баспасз қызметі.