Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жұмыссыздық шешіледі ме?


12 сентября 2022, 05:39 | 9 410 просмотров



          Жастар арасындағы жұмыссыздық тек бізде ғана емес, еуропалық аймақтың да басты проблемаларының бірі болып қала береді.

          Жұмыссыздық қайдан туды және неліктен барлық күш осыны жоюға әрекет жасауда? Әрине, бұл экономикалық құбылыс. Әрі адамның өмір сүру сапасын арттырудағы алғашқы қызмет. Жұмыссыздық белең алып тұрған мемлекет Оңтүстік Африка болса, жұмыспен қамтуда ең жоғарғысы ол - Катар.

Зерттей келе, жастар арасындағы жұмыссыздықты, тек біздің еліміздегі ғана мәселе емес екенін аңғардық. Пандемияның да жұмыссыздықтың артуына басты себеп болғанын білеміз. Әр мемлекет шамасына қарап, оның азаюына үлесін қосуда және нәтиже бар. Деңгей бойынша жұмыссыздық айтарлықтай әсер етеді.

  • Кірістер мен жинақтардың азаюы. Мысалы, зейнетақы жинағы, бұл болашақта әл-ауқатқа нұқсан келтіреді.
  • Керекті мамандықтар мен біліктіліктің төмендеуі мүмкін.
  • Еңбек нарығындағы гистерезис әсерінің пайда болуы, жұмысшылар дағдарыс кезінде жұмыс іздеуге оралмайды, жәрдемақымен өмір сүруді жөн көріп, дұрыс санайды.

Биылғы жыл көптеген мәселелердің ашық айтылған уақыты болды. Бәрімізге мәлім, еліміз жұмысқа орналастыру бойынша әлі де толықтыру жұмыстары керек екенін біледі. Жақында болған жолдауда Мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаев тоқталып өткен жұмыссыздық туралы халыққа тұшымды үндеуін жеткізді.

"Қазір жастардың еңбек пен жұмысқа тұруына көңіл бөлетін кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына шамамен 300 000 жас маман шығады. Жаңа өмірге бейімделіп келе жатқан жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалуда. Дегенмен де, атқарылып жатқан шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі әлі күнге дейін толық шешілген жоқ", - деді Президент.

Айта кету керек, кейбір өңірлерде жастар арасындағы жұмыссыздық дәрежесі біршама жоғары. Олардың қатарында ірі Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды қалалары және Алматы, Солтүстік тағы Шығыс Қазақстан облыстары бар. Үкімет пен өңірлердің әкімдері бұл мәселеге ерекше назар аудару керек. Жыл қорытындысы бойынша тиісті қорытынды жұмыстары жасалынатыны анық7

Автор:
Айымжан Аманболқызы