Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балаларымыз байлығымыз!


12 сентября 2022, 05:41 | 9 619 просмотров



          Адам - мемлекеттің тірегі. Ал, бала маңызы тіптен жоғары. Соңғы кездері біздің көптен естіп жүрген жағымсыз жаңалықтар көңілге қаяу түсіруде. Осы жылды Мемлекет басшысы балалар жылы деп белгілеп еді. Дегенмен де, зорлық-зомбылықтың бір ұшы біз қаламасақ та шектен тыс көп орын алып жүрді.

          Оның үстіне жыл басталар алдында мектеп формасы, жылдағыдай дайындықтың мәселелері бір күйгелектік сезімін тудырған болатын. Қазір жағдай қалыпты, біршама оңтайлы тәсілдер қолданылып, балалар мен ата-аналардың тиімді өмірі үшін жақсы жағдайлар да жасалынып жатыр.

          Сабақтың алғашқы күні, бәріміз білетіндей Жолдаумен басталған болатын. Бұл бала қауіпсіздігіне келгенде, Президентіміздің де оларды қорғауда халық пен мемлекет басты назарға алу керек екендігін ашық айтылды.

          Қоғамда неше түрлі дискуссиялық тақырыптар қозғалуда. Оның бірі қазақ тілі мен орыс тілінің мектепте өтілуі жайында. Әлі де орыс тілін толықтай алып тастау керек! - деп қарсы болатын ата-аналар бар. Неше түрлі фейк ақпараттар әлеуметтік желілерде тарап, тек қазақ тілі өтіледі, ал орыс тілін алып тастаймыз деген жаңалықтарға толассыз еді. Бұған да Мемлекет басшысының ұсынған жауабы бар. Балалардың болашағы мен білімділігін арттыру үшін тек қана қазақша, орысша тілін білу аздық етеді. Сондақ - ақ, ағылшын тілін білетін балаларды да тәрбиелеуміз керек. "Өскелең ұрпақ алатын білім, соның ішінде тіл меңгеру тұрғысы бойынша, олар екі аяғында нық тұруы тиіс. Олардың білімі - біздің күшіміз", - деді Тоқаев.

          Жағымды жаңалықтардың бірі, әрбір отбасы еліміздің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуы тиіс деген, Мемлекет басшысының тапсырмасы. Балалар жылы болғандықтан, соған орай "Балалар қоры" атты жаңа бағдарлама іске қосылды.

Ұлттық қор кәмелетке толған балаларға ақша бөледі. Жинақталған ақшаға баспана сатып алуға немесе оқуға түсерде пайдаланылуы мүмкін. Бастама түбегейлі жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Жоба 2024 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын болады.  Осыншама балаларға арналған жобалар мен ұсыныстардың куәсі болып отырмыз. Іске қосылғаннан кейін, ақпараттық түрде ғана емес, нәтижелі жұмысты асыға күтеміз.

Автор:
Айымжан Аманболқызы