Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қоғамның түзелуі қазірден


12 сентября 2022, 05:43 | 7 261 просмотр



     Біздің қоғамның басым бөлігі кез-келген зорлық - зомбылыққа қарсы екенін қазір көп байқап жүрміз. Бұрын ақжаулықты әжелеріміз аталарың күн көрсетпейтін дегенді естіп, жаға ұстайтынбыз. Әлі де бұл мәселенің нүктесі бүгінге дейін қойылар емес.

          Біздің облыс халық саны бойынша алдыңғы қатарда болған соң, бұл жағдай жиі, әрі көп кездесуде. Алдыңғы мақалаларға шолу жасап өтсеңіз, бұл психологиялық індет екені түсінесіз. Оның адамдарға қалай әсер ететіні және болашақта көп дүниеге жол жабатыны анық.

          Иә, тиісті жазаның қолдануын кімде-кім болсын қалар. Әділеттілік керек біздің қоғамға. Алматы облысында көбейіп тұрған бұл қылмыстың азаюы, адамгершілік пен махаббаттың дамуына алып келеріне сенеміз. Осыған орай, Мемлекет басшысының Жолдауында тоқталып өткен маңызды тақырыбының бірі - осы зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң шара қолдану болмақ. Нақтылай өтсек, айтуынша бұл үлкен мәселені елемей өтіп кетуге болмайды. Бұл отбасының ішкі мәселесі қанша айтуға ауыр және қиын болсада, адам өмірінің сапасы үшін батылдыққа барып, арнайы көмекке жүгіну керек іс. Осындай күш жұмсау бейтарап болып кеткен біздің қоғамда, қылмыстық істі дұрыстап саралау мәселесі әлі күнге дейін талқыланып келеді. Құқық қорғау органдары мұндай күнделікті отбасы жағдайларын анықтау оңай емес, онымен қоса тергеу қиын дейді. Қарап тұрсақ, бұл сөздің де жаны бар. Егер мұның алдын алмасақ, мемлекетке маңызды адамның жай-күйі не болмақ? Күйзеліс пен стресстің қатар жүруі де осы өрбіген мәселеден болады. Жәбір көрушілер жиі қорғансыз жағдайда. Кейде манипуляция арқылы да олар алданып, жәбір көрсетушімен ары қарай сол тозақта өмір сүруді жалғастыра береді.

Жәбірленушілер сөзден немесе біреудің қысымынан қорықпауы керек және қорлық көрсетуші тиісті жазасын алу керек деген істі тапсырды - Президентіміз Қ. Ж. Тоқаев.

Біздің ойымызша, бұл жағымды жаңалық. Қоғамның түзелуіне алып келетін маңызды, әрі қозғауға тұрарлық тақырып.  Бәлкім, жүзеге асуына біраз уақыт кетер. Алайда ақырындап басқан, әр кіші қадам үлкен жетістікке алып келеріне сеніммен қараймыз.

Автор:
Айымжан Аманболқызы