Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»


15 сентября 2022, 05:03 | 12 432 просмотра



 

Бөлім:

Адам жанының құпиясы

Педагогтің аты-жөні:

Кабидулданова Айжан Алпысбаевна

Күні:

 

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:                  Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен  сені аялап өтем»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.2.1  Әдеби шығармадағы  психологизмді анықтау

 

Сабақтың мақсаты:

ақынның көңіл- күйін өлең жолдары арқылы табады және     өлеңдегі психологизмді  ақын өмірімен байланыстырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7мин

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, түгендейді.

«Кіру билеті» арқылы сабаққа деген оқушылардың дайындығы туралы 1 сұрақ берілген  билетке жауап береді

 

Мысалы,  кейбір оқушыларға кіру билеті беріледі. Олар мына сұрақтарға жауап береді:

1.      Әдебиет сабағының маңызы қандай?

2.      Фариза Оңғарсынова туралы қандай мәлімет білесің?

3.      Бүгінгі сабақтан не күтесің? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Кіру билеті арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімі мен жаңа сабақ бойынша білімі бағаланады.

https://articlekz.com/kk/article/22227

 

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

 

 «Психологизм» сөзіне анықтама беру

Барлық оқушылар

тыңдай отырып, дәптерлеріне термин сөзді жазып алады.

Сабақта жаңа терминмен танысады

https://articlekz.com/kk/article/22227

6-слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

 

10 мин

№1-тапсырма: 3-7 слайд аралығы

Ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығымен танысады.

Аудиодан «Өлең, мен сені аялап өтем өлеңін тыңдайды»

Тапсырма “6 неліктен”сұрағы арқылы өлең жолдарынан ақынның көңіл-күйін анықтаңыздар.

Дескриптор:             

 -ақын туралы мәліметті тыңдай отырып, ақынның  өлеңдегі көңіл күйін 6 неліктен сұрағы арқылы анықтайды.-1 балл

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=mp-3GivBPE4

 

6 мин

 

№2-тапсырма:

 Оқушылар, бүгінгі сабағымыз өлеңдегі  «9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау»  мақсаты болғандықтан, біз сабақта 2 кейіпкер бар деп қарастырамыз. Оның бірі- ақын, екіншісі- өлең. Ақын мен өлең атты екі кейіпкердің қызметін анықтаңыздар

 

Дескриптор:         

-Өлеңдегі ақынның эмоциясын анықтайды;-1

 -Өлеңнің ақын өміріндегі маңызы жайлы  пікірін білдіреді -1

 

ҚБ: Пікір білдіру

 Сәндвич:

1)не ұнады?

2) не нәрсені жақсарту керек?

3)маған ұнады , бірақ келесіде...

 

11-слайд.

ҚБ: сенімді жауап бердің, сенен тұшымды пікір алдым, маңызды ақпарат бере алдың, байқампаз екенсің, лирикалық көңіл-күйді анықтадың

8

№3-тапсырма:

 Берілген үзінділерден ақынның мінезін бейнелейтін тұсын  тауып, сәйкестендіріңіздер

Дескритр:

Ақынның мінезін айқындайтын  өлең жолынан табады-1 түзету, ұсыныс айту

15-слайд

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

9 мин.

 

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылату

Пікір. Өлең мәтіні бойынша өз пікірінді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел.Осы  пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Оқушылар  сабақтан алған білімін  әдістің ережесіне сәйкес қорытындылайды

Өзін –өзі бағалау парағы беріледі.

 

20-слайд

 

Автор:
Кабидулданова Айжан Алпысбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «№2 орта мектеп» КММ. Талдықорған қаласы.