Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


19 сентября 2022, 10:33 | 10 730 просмотров



Аңдатпа

Бұл мақалада  жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық-педагогикалық негіздері жайлы айтылады. Болашақ мамандарды даярлауда тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда,осыған байланысты  өскелең ұрпақтарға қазіргі қоғам өмірінде демократиялық тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау мақаланың өзектілігі болып табылады.

Түйінді сөздер: психология, қоршаған орта , әлеуметтендіру, педагогика

«Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес»

А.Н. Толстой

Еліміздің қоғамдық әлеуметтік  өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіруге, әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.Біздің мақсатымызбала жанын түсіну, сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету  жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам  мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. [1]. 

Сондықтан да жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау мен әлеуметтендіруде білім беру қызыметінің сапасын, оқыту әдістемелерін жетілдірумен бірге оларға жан-жақты тәлім- тәрбие берудің мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптар мен арнайы ұйым қызметіне негіздеп, үнемі жаңартып отыруды талап етіледі.

Қазақстандағы жасөспірімдерді әлеуметтік  қолдаудың психологиялық-педагогикалық үрдісіне тоқталатын болсақ, соңғы жылдары жастарды әлеуметтік қолдау бастамаларын дамытуда түрлі ұйымдар, одақтар және кеңес кабинеттерін құру маңызды орын алады.

Жасөспірімдік пен әлеуметтік-мәдени даму арасындағы айырмашылықта кедергі  болады. Жасөспірімнің психологиялық және физиологиялық түрлі ерекшеліктері шамалас, бірақ ересек жасқа тең келмейді. Бұл кезеңде жасөспірімдер арасында адамдар арасындағы құндылықтар мен қарым-қатынастар жүйесі туралы өзіндік сана мен өзін-өзі анықтау міндеттері тұрады [2].

Р.Хевигурст жасөспірімдік кезеңде дамудың келесі бағыттарын айқындайды:

1. Жасөспірімдердегі жыныстық жетілу мен физикалық өзгерістер рөлдік «Мен» жаңа  бейнесін қалыптастыруға тиіс;

2. Өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, құрдастарының тобын біріктіру маңызды;

3. Материалдық және психологиялық қолдауды сақтай отырып, эмоциялық тәуелсіздік пен автономия негізінде отбасында жаңа қатынастар орнату мен психологиялық қолдау;

4. Абстрактілі  ойлауды дамыту;

5. Өмірдің құндылықтары мен философиясы жүйесін қалыптастыру;

6. Білім алу және мамандық таңдауда  өзін-өзі анықтау;

7. Отбасылық өмірге дайындық.

Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық дамуының ерекшелтеріне жасалған талдау негізінде В.Д. Элкониннің әрбір жас кезеңіндегі әлеуметтік даму жағдайымен, іс-әрекеттегі белсенділігі мен ақыл-есінің дамуымен байланысты екені анықталды.

Дамудың әлеуметтік сипаты бұл жаста бірінші орында құрбы -құрдастарымен қарым-қатынасты қояды.Қарым-қатынас барысында: өзіндік сананың жетілуі, өзін-өзі тану, құндылықтарды анықтау, әлеуметтік нормаларды игеру жүзеге асады. Жасөспірімдік жаста мұғалімдер мен ата-аналардың емес, құрбы-құрдастарының берген бағасы маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды .

Педагогикалық тұрғыда әлеуметтену – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. [5].

Философиялық тұрғыда әлеуметтену ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Әлеуметтендіру өзіне білім беру мен тәрбиені бірлікте қарастырады. Сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, әлеуметтік топтарға тұлғаның еркін кіргізу үдерісін қамтиды», - деп атап көрсетеді . Тұлғаның әлеуметтенуі әртүрлі әлеуметтік ортада, кеңістікте оқушылардың еркін сезінуі. Қоғамдық ұйым, қоғамдық қозғалыстар, қоғамдық бірлестіктер – бұл тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік орта. Әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа көшіп жүретін баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ тәрбиелік пікірге жол көрсету.

Л.В.Мардахаевтың тұжырымы бойынша әлеуметтік құндылықтың өзі қоғам, әлеуметтік топ және тұлға, яғни  қоғамдық сананың табыстары мен адам тудырған мәдениеттер, адамгершілік және эстетикалық талаптар [3].

Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық-педагогикалық жүйесі мен атқаратын қызметтері студенттердің қабілетін кәсіби іске асыру және қоғамдағы өз орнын анықтау үшін маңызды институт болып табылады. Ол өскелең ұрпақтарға қазіргі қоғам өмірінде демократиялық тұрғыда қалыптасуына жағдай жасайды.

Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:

-педагогикалық тұрғыда әлеуметтік қолдау – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Қоғамдық ұйымдар арқылы педагогикалық-әлеуметтік қолдау философиялық тұрғыда әлеуметтену ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Қоғамдық ұйым, қоғамдық қозғалыстар бұл тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік орта. Әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа болашақ маманның бүкіл өмір салаларын мойындап, мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ әлеуметтік тәрбиелік кеңістікті құруға бағытталады. Педагогикалық - әлеуметтік қолдау аясында әлеуметтік тәрбиелеудің процесі мен нәтижелерін зерттеуге әдіснамалық негіздері аксиологиялық-танымдық, мәдениеттану, тұлғалық, іс-әрекеттік тұғыр тұрғысында зерттеудің теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. [4].

Колледждегі қоғамдық ұйымдары арқылы студенттерді әлеуметтік  қолдаудың өлшемдері мен көрсеткіштері

 

Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық-тұлғалық

студенттердің өзін-өзі дамытуын, тұлғалық қасиетін белсендіру

 

- қоғамдық ұйымдарды құруға деген ұмтылысы;

-     студенттердің азаматтық ұстанымын, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға деген қызығушылығы;

- қоғамда студенттердің сапалық қасиеттерін (лидерлік, орындаушылық, бақылаушы ұйымдастырушылық, т.б.) қалыптастыру.

Мазмұндық

студенттердің ұлттық және жалпыадазаттық құндылықтарды менгеруі; әлеуметтік ортада белсенділік қарым-қатынасы.

-    қазақстандық қоғамда рухани, адамгершілік, ұлттық мәдени құндылықтарды игеруі;

-    қоғамдық қатынастарда құқықтық және әлеуметтік тұрғыда қайта құру.

-    студенттердің сапалық қасиеттерінің (лидерлік, орындаушылық, ұйымдастырушылық, т.б.) дамуы.

Іс-әрекеттік

Студенттердің әлеуметтік ортада өзін-өзі еркін сезінуі; әр түрлі қоғамдық қатынастарда сапалық қасиеттердің көрініс беруі

 

-    кішілерді құрметтеу, үлкендерді сыйлау жоғары қасиеттердің тұлға бойында көрініс беруі;

-    тәуелсіз Қазақстан қалыптасқан қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен сабақтастықта, байланыста жұмыс істеуі;

-    жаңашыл әлеуметтік және тәрбиелік технологиялардың әдістер мен тәсілдердің іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;

- студенттердің құқықтық, мәдени моральдық-адамгершілік құзырлықтарының тұлғаның іс әрекетінде көрініс беруі.

СТУДЕНТ

 

 

 

 

 

 

 

Аксиологиялық- танымдық

 

Тұлғалық

 

Іс-әрекеттік

Мақсаты:Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық- педагогикалық  жүйесін қалыптастыру

 

Міндеттері:

-  «Жасөспірімдер», «әлеуметтік қолдау» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;

-  жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық мазмұнына талдау жасау;

-  жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудағы педагогикалық бағыттар;

 

Ғылыми-әдіснамалық тұғырлар

Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың психологиялық- педагогикалық

жүйесі

Студенттер мен жастар қоғамдық  ұйымының бағдарламасы бойынша «Болашақ» атты бірлестіктің бес әлеуметтік  бағыт негізінде  жасөспірімдердің кәсіби өзіндік санасын мен интеллектуалдық әлеуетін арттыруда психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету.

 

Қоғамдық ұйымдар:  «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы , Студенттер Альянсы , Студенттік кеңес ұйымы, . Студенттік кәсіподақ. Жастар ісі жөніндегі комитет т.б. 

Психологиялық – педагогикалық қолдаудың формалары: психологиялық кеңес, пресс-конференция, мәселелік-жағдаят, семинар-пікірталас, педагогикалық тренингтер, коучинг шығармашылық тапсырмалар,

 

Нәтижесі: Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың пихологиялық-педагогикалық жүйесінің нәтижелілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі

 

-Жасөспірімдерді педагогикалық - әлеуметтік қолдау бағытындағы колледждегі студенттердің қоғамдық ұйымдары жасөспірімдердің, жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және жетекшілік бағытта тұратын, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыратын, болашақ маманның  инттеллектуалдық, әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайтын, толераттылық құндылықтарын, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелейтін, жастардың қоршаған ортаға оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын, кәсіби қалыптасуына қажетті жағдай жасайтын тұлға қалыптастыруға негіз болады.

-Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау бағытындағы қоғамдық ұйымдар педагогикалық қолдаудың субъектісі тұрғысынан өзінің аса ауқымды тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыра алады. Қоғамдағы жағдайдың өзгеруіне қарамастан жасөспірімдердің қоғамдық үдерістерде қатысуға деген талпыныстары қатысудың қандай формаларына бағытталғаны – әлеуметтік қолдаудың аясындағы осы үдерісті басқаруға байланысты туындайды.

-Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың педагогикалық негізінде студенттердің қоғамдық ұйымы бір мезгілде бірлестік те және оның әрбір мүшесі де болып саналатын объектілер мен субъектілердің өзара әрекеттесуі нәтижесі ретіндегі әлеуметтік қолдауды құралы болып табылады. Колледжде студенттердің қоғамдық ұйымдары арқылы жасөспірімдерді психологиялық -педагогикалық қолдаудың мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық, іс-әрекеттік тұғырлар тұрғысынан өлшемдері мен көрсеткіштері тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіндік берді.

-зерттеудің ғылыми болжамына сәйкес жасөспірімдерді әлеуметтік қолдауға негізделген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесінде туындаған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдауға негіз болды.

Жоғарыда қамтылған мәліиметті негізге ала отырып, төмендегідей шараларды іске асырудың қажеттiлiгi туындады:

-жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық қолдауда республикада қалыптасқан студент жастардың қоғамдық ұйымдары, қозғалыстары, бірлестіктерін әлі де болса дамуына мониторинг жүргізу және ондағы іс-тәж-рибелерді колледждерге үлгі етіп ұсынуды жетілдіру қажет;

-Қазақстан Республикасында жасөспірімдерді әлеуметтік қолдауда әлеуметтік қолдау орталғының бағдарламасын дайындау бүгінгі қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.

Қорыта келе, жасөспірімдерді әлеуметтік қолдаудың псхологиялық-педагогикалық мазмұнына теориялық талдау жастар ұйымы мен бірлестіктері туралы ғылымның қазіргі таңдағы дамуына қатысты негізгі қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жасөспірімдерді әлеуметтік қолдауда қоғамдық ұйымдар студент-жастардың жеке тұлға ретінде дамуына, қоғамдық қатынаста өз ойын еркін айта алатын, шығармашыл тұлға қлыптастыруға болатыны тәжірибелік-эксперимент жұмыстары барысында дәлелденді.

 

Әдебиеттер:

 

1.      Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, Жалын, 1991.

2.      Бодалев А.А. Личность и общение. Избранные труды.-М.Педагогика, 1983.643-бет.

3.       Болдырев Н.И.Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.-Алматы: Мектеп, 1987.-231-бет.

4.       http://melimde.com/azastan-respublikasi-bilim-jene-filim-ministrligi-azastan-resp.html Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие

5.      «Әлеуметтік педагогика»/В.Л.Никитина 2009 ж.36 б.

Автор:
Сәкенова Ақмарал Қайратқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Zhansugurov college»