19 сентября 2022, 10:42 | 12 043 просмотра
Аңдатпа
Мақалада қазіргі уақыттағы оқыту үдерісіндегі міндет студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары деңгейде болуын ескере отырып, оқу үрдісінде студенттерге жан - жақты білім беруде қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын еңгізу кеңінен қолдану өз тиімділігін көрсетуде. Жаңа технология қазіргі заманның талаптарына сай жүйеленген, тиімді әдістердің бірі. Жаңа технологияның басты ерекшеліктері ол барлық технологиялардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтірілген, жинақталған үлгісі болып табылады. Мақалада оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы жазылған.
Аннотация
В статье подчеркивается, что задача в процессе обучения в настоящее время, учитывая высокий уровень теоретической базы научных знаний, предоставляемых студентам, показывает свою эффективность широкое применение в учебном процессе внедрения новых технологий обучения, отвечающих современным требованиям в всестороннем образовании студентов. Новая технология является одним из наиболее эффективных методов, систематизированных в соответствии с современными требованиями. Основные особенности новой технологии - это унифицированная модель всех технологий. В статье рассказывается о преимуществах и эффективности использования новых технологий обучения.
Annotation
The article emphasizes that the task in the learning process at the present time, given the high level of the theoretical base of scientific knowledge provided to students, shows its effectiveness in the wide application of the introduction of new learning technologies in the educational process that meet modern requirements in the comprehensive education of students. The new technology is one of the most effective methods, systematized in accordance with modern requirements. The main features of the new technology are a unified model of all technologies. The article describes the advantages and effectiveness of using new learning technologies.
Түйінді сөздер: жаңа ақпараттық технология, педагогикалық қарым-қатынас, проблемалық оқыту, деңгейлеп оқыту, моделдеу, қарқындатып оқыту, сатылай және дамыта оқыту жүйелері, бағдарламалық оқыту, компьютерлік оқыту.
Ключевые слова: новые информационные технологии, педагогическое общение, проблемное обучение, уровневое обучение, моделирование, интенсификация, системы поэтапного и развивающего обучения, програмное обучение, компьютерное обучение.
Keywords: new information technologies, pedagogical communication, problem-based learning, level-based learning, modeling, intensification, systems of step-by-step and developmental learning, software training, computer training.
Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялар дәуірі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, бүгінде ғылымның әр саласын дамыту ақпараттық жаңа технологияларды игеру мен тығыз байланысты. Ғылымның жаңа бағыттарын меңгеру - өмір талаптарына сай болу деген сөз. Жаңа ғасырда даму мен гүлденудің, табысқа жетудің кілті білімде. Сондықтан да ақпараттық қоғам қойып отырған басты талаптардың бірі – ақпаратты меңгере алатын, жан-жақты білімді, жаңа білімдерді игеруге қабілетті, дербес шешім қабылдай алатын, икемді ұрпақ тәрбиелеу.
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері өте мол, мұнда білім берудің мазмұны да, құрылымы да өзгерген. Мысалы, студенттер оқулықтағы берілген білімдермен шектеліп қана қоймай, неғұрлым терең әрі жан-жақты қамтылған материалдарды оқып, игеруге ықпал етеді. Себебі, оқу үрдісі – бір орында тұрып қалмайтын, керісінше, үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын құбылыс, сонымен қатар бүгінгі заман ағымы да күн сайын үздіксіз жаңару.
Оқыту үрдісінде жаңа инновациялық технологиялардың бағыттарының мынадай түрлеріне көңіл бөлген жөн: педагогикалық қарым-қатынас, проблемалық оқыту, деңгейлеп оқыту, моделдеу арқылы қарқындатып оқыту, сатылай және дамыта оқыту жүйелері, бағдарламалық оқыту, компьютерлік оқыту. Оқыту үрдісінде пән бойынша ғылыми мағлұматтармен хабардар етудің және оларды зерттеу жолдары туралы берілетін әдістемелік кеңестер пәнге деген қызығуды арттырады, білім, білік және дағдыны қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйретеді. Нәтиже жұмыстарын орындау кезінде пән бойынша алған білімін толықтыра түседі, өз бетінше дәлелді тұжырымдар жасауға бейімделеді және сол пәннің қоғамдағы, азамат алдында тұрған сан-салалы өзекті мәселелерді шешудегі маңызын түсінеді.
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және студенттердің психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың ұзақ жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде айтылғандай: «Білімді, білік пен дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді.
Қазіргі таңда тәуелсіздік талабына сай білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге, оқу технологияларын жан - жақты меңгеруге үлкен мән берілуде. Мұның өзі студенттің білімі мен білігін, талабы мен талғамын ұштауда, өзіндік ізденісін қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының алар орны ерекше. Біздің елімізде білім ордаларының білім беру жүйесінің дамуы ұлттық сипатты бойына дарытумен қатар, озық елдердің үздік педагогикалық әдістерін пайдалануда. Қазіргі Қазақстандық білім берудің кеңістігінде түбегейлі өзгерістер тарихи обьективті процестер жүріп жатыр. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, студенттердің шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда студенттердің білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы студенттің алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғам дамуының өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдады [1].
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық жэне телекоммуникация құралдары, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Білім деңгейін көтеру және жаңа технологияларды интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Жаңа оқыту технологиясының кейбір сырларын айтатын болсақ, біріншіден балаға тұлға деп қарап, оның білім алу арқылы дамуын қарастырады. Екіншіден тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық, ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын молайтуға бағытталады. Үшіншіден дарынды балалар мен жүйелі түрде жұмыс жасауға көп мүмкіндіктер береді. Қазіргі кезде осы айтылған қазіргі ақпараттық жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл - ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда студент алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін - бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады. Жалпы білім беретін ордаларда география курстарын оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану мұғалімдерге барлық студенттерді мұғалім назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, студенттердің сабақ үстінде мұғалім мен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Күнделікті география сабағы олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс - әрекетке айналады, берілген үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компонент! оқыту мақсаты болып табылады. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс - әрекетінде белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптарының өзгерулерін талап етеді. Болашақта біз технологияның дамуынан әлі де үлкен жаңалықтар, ғылыми ашулар күтеміз. Себебі ұстаздар ізденуден жалықпайтын жаңашыл тұлғамыз. Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты - білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр. Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей, шығармашылығын шыңдап, озық іс - тәжірибелерді пайдалана білу шарт. Жаңа педагогикалық технологиялар бір - біріне ұқсамайды, оны тек дұрыс пайдаланып, шәкірт жүрегіне жол таба білу қажет. Қазіргі жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:
Оқып меңгерту, тәжірибеде қолдану, шығармашылық бағытта дамыту, нәтижеге қол жеткізу. Жаңа технология педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді [2].
Жаңа XXI - ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып оқыту, логикалық ой тұжырымын дамытып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.
Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім аудиториядаңы әр студенттің жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Мұғалім студенттердің әрқайсысының жұмыстарын бақылап отыруға, басқаға кедергі келтірмей үлгерімі темен студенттермен жекелеме жұмыс істеуге болады. Сабақтан тыс уақытта мұғалім компьютер жадында сақталған студенттердің жұмыстарына талдау жасап, білімгерлердің тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мүмкіндігі мол.
Ал қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың бірі мультимедиялық құралдар. Мультимедиялық құралдар география пәні мұғаліміне экранда әртүрлі статистикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедия көмегімен бір объектіден басқа кез - келген тізбекке фрагментті үлкейтіп, сонымен қатар, бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізіп, салыстыруға болады. Бұл география пәнінің мұғаліміне үлкен көмегі тиеді, себебі бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедия аппараттардың жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.
Ұстаздар үшін мультимедияны қолдану жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни білімгерлердің пәнаралық ойлау қабілеттері артады. Мұнымен қатар мультимедия көмегімен тұтас аумақ бейнесін жасау оңайға түседі, бұл өлкетанумен танысуда да маңызды. Білімгерлер географиялық процестерді ұйымдастыру туралы көп және әртүрлі салада түсіну керек. Осы процестердің тізбегі, болашақ география пәні мұғалімінің негізгі талабы. Ол бірнеше проекцияларды есептеп, оларды орналастыру болып табылады. Бұл проекцияларды қолжазбамен орындау көп уақытты алады, сондықтан оны компьютер арқылы орындау жылдам [3].
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Жаңа технологияны еңгізу арқылы жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан жаңа ақпараттық құралдарын қолданып отырмыз. Бұл біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде жаңа ақпараттық құралдардың мүмкіндігі мол. Әр сабақтарында интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңестігіне еркін ене алады. Кез келген сабағында жан - жақты білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың білімді игеруде оқушыларға берері көп. Интерактивті құрылғылардың мектептерге көптеп келуі білім алушылардың білімін жетілдіруіне көп мүмкіндік туғызып отыр. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материалдар қайталанады. Қажетті жағдайда, оқушы интерктивті тақта арқылы мысал есепті шығаруды графиктерді құруды құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандарға көңіл белу үшін бағыт береді және бақылап отырады [4].
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
“Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”, – деп анықтайды.
Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.
Әдебиеттер тізімі: