Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ тілі сабақтарында жазылым әрекеті арқылы оқушылардың жазба тілін дамыту


8 ноября 2022, 05:06 | 7 434 просмотра



Жазылым – төрт дағдының ішінде оқушының нәтижесін көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы.

«Жазылым термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті жеткізу үшін қағаз бетінде сауатты жаза білу» дегенді білдіреді.

Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологилық, физиологиялық әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынаста мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес,нанымды, ақпараттық,

Дербес – жазылым жазушының жеке тәжірбиесі мен сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданантын, баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін, уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен баяндалатын жазылым түрі.

Дербес жазылым төртке бөлінеді: хат, өмірбаян, күнделік, монолог.

Ақпараттық жазылым-тақырып бойынша маңызды мәліметтерді нақты беретін, әртүрлі дерексөздерден алынған ақпаратты қолданатын, әртүрлі дерек пен мәліметтерге сүйеніп, қорытынды шығаратын, деректер мен мәліметтер жүйелі берілетін жазылым түрі.

Ақпараттық жазылым түрлері:

1.Хабарландыру;

2.Сұхбат;

3.Жаңалық;

4.Есеп;

5.Хабарлама;

6.Баяндама,

7.Бұйрық;

8.Шақыру;

9.Нұсқаулық.

Шығармашылық жазылым-шығармашылық тұрғыда жазылған, идея және стильден шығармашылық мінез көрінетін, жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған, әсерді жақсарту үшін сәйкестендірілген құрылым қолданылған; кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып, оқырманды қызықтыратын жазылым түрі.

Шығармашылық жазылым түрлері:

1.әңгіме;

2.ертегі;

3.сценарий

4.сахналық сөз.

Нанымды жазылым – нақты тақырып бойынша айқын пікр айтатын, пікір нанымды себептер мен дәлелдермен негізделетін, келтіретін себептер мен дәлелдер логикалық тәртіппен берілетін,аудиторияны сендіру басты талап болатын,арнайы пікірді білдіретін сөздік қор көбірек қолданылатын жазылым түрі.

Нанымды жазылым түрлері:

1.жарнама

2.рецензия

3.ашық хат

4.ұсыныс

5.комментарий

6.эссе

Тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың жазба тілін дамытады, молайтады ойлауын жетілдіреді.

Қорыта келгенде, жазбаша сөйлеуді дамыту мынадай дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады: ұсынылған тақырыпты түсіну арқылы оған қатысты материалдарды бөліп, тиісті мағлұматтар арқылы нақтылай жауап беру; мазмұндама, шығарма жазу үшін қажетті материалдарды жинақтау дағдыларына үйрету, ой пікірін жүйелі әрі түсінікті жеткізе білу, тілдік материалдарды әдеби тіл нормаларына сәйкес пайдалану.

Автор:
Рамазанова Бақыт Нұрболатовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні. «Өтенай ауылындағы МДШО бар №21 орта мектеп» КММ