Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білімді бала – ұлағатты ұстаздан шығады


14 ноября 2022, 19:10 | 948 просмотров



Әр тәрбиеші – жеке тұлға, өз ісінің шебері. Балаларға білім, тәрбие бере отырып, оларды үлкен өмірге тәрбиелейді. Әсіресе, «Талдықорған қаласындағы «№7- бөбекжай- бақшасының» ортаңғы «Балапан» тобында, тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка жетекшілері мен хореографтарының ұйымдастыруымен көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілді. Осы жерде тоқтала кететін үлкен мәселе, ол осы ұжымның береке бірлігі. Бұл ұжымда тек мерекелер ғана емес, жыл бойы тәрбие мен оқыту іс-әрекеттері алма-кезек ауысып, мерекеден мерекеге ұштасып жататынын айта кеткен жөн. Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай дөңгелесе, соңғы дөңгелегі солай дөңгелейді демекші, осы мекеменің меңгерушісі Тұлымшақова Гульниса Досанқызына деген алғысымыз шексіз! Себебі, ол кісі мекемеде бүкіл ұжымдастарымен өте жақсы тіл табысып, оларға бағыт-бағдар беріп, өзі қызмет істеп отырған ұжымның ынтымағы мен берекесін келтіріп, оларға ұйытқы болып отырған ерекше жан десек артық айтқандық емес. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі болғандықтан біздің балаларымыздың болашағы үшін бала-бақшаның алатын орны өте ерекше. Осы ретте «Балапан» тобының тәрбиешілері - Қожахметова Сандуғаш Естайқызы, Шаршикенова Динара Нурбекқызы және тәрбиеші көмекшісі Каймолданова Индира Жанатовнаға ата-аналардың ризашылығы шексіз! Бала -біздің болашағымыз болғандықтан, олардың бала-бақшада қанаттары қатайып, оң мен солын ажыратып, таланттары ашылып бойындағы бар өнерлерін шыңдап, келешектері үшін осы мекемеде тәрбие мен білім алып, рухани білімдерін нығайтып шығатынына сеніміміз мол. Сөз соңында жүздеген балаға тәлім-тәрбие беріп, мектепке дейінгі білімдерінің іргетасын қалап, оларды тынбастан білім нәрімен сусындатып отырған «№7-бөбекжай-бақшасы» ұжымына өз алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс, отбасыларына береке, бақыт, сарқылмас күш-қайрат тілейміз! Арайлап атқан әрбір таңдарыңыз сіздерге тек қуаныш әкелсін!

Автор:
Талдықорған қаласындағы «№7-бөбекжай-бақшасының» «Балапан» тобының ата-аналары