Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қауіпсіз интернет – қауіпсіз келешек


17 ноября 2022, 04:31 | 829 просмотров



Бүгінгі таңда қоғамдағы кез келген адамның өмірі, кішкентай бүлдіршін сәбиден ересек азаматтардың тыныс-тіршілігі, қызметі интернетпен тығыз байланысты. XXI ғасыр әлем бойынша адамзат баласының сана-сезімінің қарыштап дамыған кезеңі болып табылады. Заман келбеті, қоғам дамыған сайын адам баласының жаңаша көзқарастары мен жаңалық ашуға деген талпынысы да ұлғая түсері анық. Жаңаша ғылыми жаңалықтар мен көзқарастар жаңа технологиялардың өмірге келуіне зор ықпал етті. Біздің күнделікті өмірімізге қолайлы жағдайлар тудыратын ақпараттық техникалық құралдар – біздің жаңа қоғамдағы жаңаша қалыпта өмір сүруімізге жағдай жасады. Қазіргі күнде интернет желісі арқылы әр адам өзіне қажетті ақпараттар мен жаңалықтарды алып отырады.

          Сонымен қатар қызметі, барлық атқаратын жұмыс жүйесі интернетпен байланысты. Білім алу, іздену мақсатында студенттер мен оқушылар интернетке жүгінеді, алайда біз интернеттің бізге өте ауадай қажет екенін сезініп, оның зиянды тұстарын елемей, мән бермей жүреміз деген ойға қаламын. Менің ойымша, интернетті шамадан тыс қолдану, үнемі интернет аясынан шықпау – бізге зиян да келтіретіні белгілі.

          Мәселен, мектеп жасындағы оқушы мен тіпті балабақшадағы әр бүлдіршіннің бойында интернетке деген тәуелділік қалыптасқан. Өйткені күні ұзаққа далада асыр салып ойнаған, қолына кітап алып қиялына қанат бітірген оқушыны көріп тамсану – бізге таңсық іс-әрекет болып қалғандай.

          Кітапханаға бойындағы білімге деген құштарлығы мен шабытын ұштастырған оқушының жай-күйімен үйінде отырып, қалта телефонына бас сұққан оқушының ой өрісінің деңгейі екі түрлі бағытта дамиды деп ойлаймын. «Кітап – алтын қазына» дегендей, білім нәрін осы қазынаның тереңінен іздеген білім алушы білімнің тереңіне сүңгіп, ақылы да дариядай кемелдене түсетіні ақиқат. Алайда осы қазынаны интернеттен алып, білімнің шыңына жетемін деген ой көңілімізде күмән тудырады. Сондықтан интернетті өмірімізге қауіп тигізбейтіндей шамадан тыс емес, қажетімізге сай қолдануымыз керек.

Жиырмасыншы  ғасырдың аяғында пайда болған  Интернет  қазір  жер шарының  әр  түкпірін байланыстырып сан алуан  адамдарды,  елдер мен  құрлықтарды  біріктіріп  отыр.  Интернет 1960 жылдары АҚШ –та дүниеге келді.  Оны соғыс  бола қалған  жағдайда   бір-бірімен  телефон  арналары  арқылы  қосылған  компьютер   желілерімен  байланыстырып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор адамдар өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек деп ойлаймын. Ғаламтор – бұл  біздің күнделікті  қажеттілігімізге  айналып барады.  Тіпті  интернет болмай қалса  өмір тоқтап қалғандай сезім пайда болатыны да өтірік емес. Адамзаттың әлемдік  қазынасы іспеттес.  Интернетсіз өмірімізді елестету мүмкін емес  сияқты.

Автор:
Кожакова Асель Бактыбековна, Ақсу ауданы,«Тарас негізгі орта мектебі,МДШО» КММ-нің педагог-психологі