Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасы ескертеді!!!


23 ноября 2022, 08:07 | 545 просмотров



Аң аулау және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері: 

Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңщылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару щеңберімен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет. 

Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару желеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс. 

   Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, ереже бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 583-бабы) салынады. 

Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде сақтауға тиіс қарапайым ережелер:

1) Өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;

2) Балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;

3) Спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тайым салынады; 

4) Қайықтың жарамдылығын, оның құтқару желетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;

5) Қайыұта шелектің немесе суды құйып алатын кез кеьген ыдыстың болуы қажет; 

Балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал-саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды (киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына және орындық астына орналасу қажет; 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" немесе "101" нөмерлері бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.

Автор:
Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы