Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құтқаруды үйрететін мектеп!


23 ноября 2022, 08:11 | 10 190 просмотров



 Жетісу облысы ТЖ департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына күндізгі оқу нысанына үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
         Оқуға түсу шарттары:

Академияға күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы және білім және ғылым министірлігі өткізетін Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) және кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының баллдарына сәйкес жүргізіледі. Азаматарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен

танысып, содан кейін ҰБТ және КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді;
- екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізеді;
- үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады (бағанада тартылу, 100м. жүгіру, 300м. жүгіру);
- төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеуді жүзеге асырады және Академия курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жүргізеді.

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін нысанды киім-кешекпен, тамақтандырумен және мемлекеттік шәкірақымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді.

Академияның күндізгі оқу нысанының толық курсын бітірмеген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңестіріледі және азаматтық қорғау лейтенанты арнаулы атағы беріледі, әрі қарай жұмысқа орналастырылады. Каникулдық демалыстар жылына екі рет беріледі.

Академияға оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына күндізгі оқу нысанына мына мекен-жай бойынша өтініш береді: Талдықорған қаласы, Алдабергенова көшесі, 86 А блог Г, тел: 24-18-02, 24-17-97.

Автор:
Ж. Орысбай, Талдықорған қаласының ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты