Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл


23 ноября 2022, 08:15 | 570 просмотров



         Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да,мәдениет те ,өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ак пайдаланылған.
         Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интелектуалды даму мәселесі де. Сонымен бірге, мемлекттік тіл – мемлекеттің бет – бейнесі, туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты рәмізі болып табылады.
         Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет – ғұрпын және салт – дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы – тек қазақ халқының ғана проблемасы» - деп қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару  жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті.

 

                                                                              

Автор:
Б. Сүйербаев, Талдықорған қаласының ТЖБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі