Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектепке дейінгі мекемелерге инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу


30 ноября 2022, 09:38 | 9 372 просмотра



Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың, жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап беретін күрделі ағза. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге болатын қиындықтарды туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық технологиялар мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың әлсіздігі, ал балалар үшін оқу жүктемесінің артуы орын алып отыр.

Қазір мектепке дейінгі ұйымға балалармен үдемелі инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар негізінде жұмыс жасауға қабілетті педагог қажет. Ол көп білуі, өзімен тұрақты жұмыс жасауы, арнайы білік және дағдылары болуы тиіс; өз шеберлігін тұрақты түрде жетілдіруі, инновациялық технологияларды, дәстүрлі емес әдістерді меңгеруі; компьютерді білуі  қажет. Егерде әр балабақшада осындай тәрбиеші-педагог болса, онда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бүгінгі күн талаптарына, ата-аналар мен қоғам талаптарына жауап беретін болады.

Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне енгізу үшін үлгіге мынадай әдістер мен технологиялар ұсынылады:

Дамытушы технологиялар. Дәстүрлі оқытуда балаға үйрену үшін дайын өнім мен әрекеттің үлгілері беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау нәтижесінде мәселені шешуге өз бетінше қол жеткізеді.

Пластилинография – ермексазбен жұмыс балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын жүзеге асыруға және балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Мүсіндеу әрекетіндегідей пластилинографияда кіші топтарда басу, сипалау, тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда түстер бір-бірімен араластырылып қосымша түстер алынады.

Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер балаларды бөлек деректермен таныстырады, құбылыстардың артында не жатқанын айтады. Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа баулуы керек. Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол қуанатындай, қобалжыйтындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей, кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет.

Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта түседі.

Денсаулықты сақтау технологиялары – өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту. Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың білетін қимылдарымен суйемелдей отырып айтады. Балалардың назары ертегінің мазмұнында болғандықтан жаттығуларды орындау қызықты және еліктірер сипатта болады.

Анималотерапия – бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етеді.

Күтілетін нәтижелер:

– мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық үлгісіне көшу;

– мектепке дейінгі ұйымның бәсекеге қабілетілігін арттыруға бағытталған үздіксіз дамуын қалыптастыру;

– мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымда инновациялық білім беру кеңістігінің үлгісін жетілдіру;

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға бағытталған, инновациялық технологиялардың негізгі түрлеріне негізделген.

Автор:
Г.А. Қазиева, «Қабанбай батыр атындағы орта мектебі МДШО бар» КММ тәрбиешісі. Жетісу облысы, Алакөл ауданы.