Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Берекелі жыл болатынына тілектеспін!


30 декабря 2022, 03:34 | 1 444 просмотра



Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына сіңіп барады. Жаңа жыл – жыл бойы аңсап күтетін, үлкендер балаша қуанатын, ал балалар таңғажайып оқиға күтетін – мереке. Бұл жарқын да шуақты мереке, кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.

Тарих қойнауына енгелі отырған жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды. Жыл басы түрлі саяси толқулардан өтсе де біз мемлекеттігімізді сақтап, саяси реформаларды уақыты әрі заман талабына сай етіп іске асырдық. Түрлі сынақтармен қатар, жақсылығы да болып, мемлекетіміздің мерейі өсіп, абыройы артты. Өткен жыл біздің облыс үшін де шын мәнінде жаңалыққа толы болды. Ең бастысы облыс бөлініп, Жетісу өңірінің өзінің даму стратегиясының айқындауы маңызды белестердің бірі. Сонымен қатар жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. 

Қымбатты Жетісулықтар!

Баршаңызды шаттық пен қуаныш әкелетін Жаңа жылмен шын   жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын. Жаңа жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан Жетісу халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке – бірлік,  шаттық пен қуаныш орнасын.

Құрметпен,

Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Досан Каримов