Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа жылда жаңа жетістерге жетейік!


30 декабря 2022, 03:35 | 1 522 просмотра



Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке  өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт.

Өткен жыл еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы болды.  Жыл басы еліміз үшін үлкен сынақ болса да, біз бұндай кедергілерден өтіп, мемлекеттігімізді сақтап, дамудың жаңа жолына бет бұрдық!

Құрметті жерлестер!

Облыс тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің және еңбекке деген құштарлығының арқасында өңіріміздің дәулеті мен сәулеті артып, әл-ауқатымыз жылдан-жылға жақсаруда. Жаңа жыл еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа шуақты шаттық әкелсін! Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!

Ізгі ниетпен, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты Қарлығаш Жұмабаева