Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тұғырымыз қашанда берік болсын!


30 декабря 2022, 03:35 | 1 557 просмотров



Ескі жылға өкпеміз жоқ, қаншама қиындық болса да, ауызбіршілігіміздің арқасында ел болып еңсеріп, ауыртпалықты жеңе білдік. Жаңа жылға игілікпен, ізгі үмітпен қадам бастық.

Қадірлі жерлестер!

Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.

2022 жылды нәтижелі аяқтап, Жетісу өңірінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!

Жаңа 2023 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін! Жетісу қамбасы қазыналы болып, берекеміз арта берсін!

Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Жаңа жыл құтты болсын, ардақты жерлестер!

Құрметпен,

Талдықорған қалалық мәслихат депутаты Баян Ержанова