Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жылулық әкелетін жасампаз мереке!


30 декабря 2022, 03:41 | 1 575 просмотров



Құрметті Жетісулықтар!

Сіздерді оң ниет, ізгілікті пейілімен төрімізге енгелі тұрған жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жылы да өңірде көптеген келелі, игі істер атқарылды. Бұл үрдіс алдағы жылы да заңды жалғасын тауып, қолға алынып жатқан жаңа бастамаларымыз сәтті болсын! Адал еңбектің жемісін татып, әрбір күндерін кәсібінің нәсібімен берекелі өткізген барша қауымға өмірде де, еңбекте де сәттілік пен жақсылықтар тілеймін. Жаңа 2023 – Қоян жылы ырысты, табысты жыл болып, әрбір шаңыраққа құт-береке, мол несібесімен келсін!

Ардақты ағайын! 2022 жыл Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті үшін де нәтижелі кезең болды. Тұтынушыларымыздың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық мақсат-міндеттерін іске асыруға, жаңа белестерді бағындыруға дайынбыз! 

Қадірлі жерлестер!

2023 жылы да ел бірлігі мен ынтымағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Арайлап атқан әрбір күн баршаңызға мол шаттық, махаббат пен мейірім сыйласын. Егемен еліміздің зеңгір көгінде ақ көгершіндер қалықтап, халқымыз бақытты, ұлы Отанымыз гүлдене берсін!

Құрметпен, Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков