Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жалпы білім беру мектептеріндегі тіл кемістігін жоюдағы әдіс-тәсілдердің бірі – жаңылтпаш жанры


11 января 2023, 07:06 | 10 602 просмотра



Жаңылтпаш арқылы баланың сөйлеу тілінің тазалығын қалыптастыру

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді.

Зерттеуші педагог С.Ұзақбаева «Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш жастайынан балаға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді», - дейді. Өйткені халық баласының тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын кеңейту мақсатында жаңылтпаштарды пайдаланып келген. Сәбилік кезеңнен өтіп, мектепке дейінгі жас кезеңде жас баланың тіл байлығы өседі. Сәбилік кезеңімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есеге артады екен. Мұншалықты сөздік қорының өсу тұрмыс және тәрбие жағдайларымен тікелей байланыста болады .

Жаңылтпаштар да тіл үйренуге өзіндік үлесін қосатынын мамандар жақсы біледі. Жаңылтпаштарды орнымен және тиімді қолдануға болатын ақыл-кеңестерді тыңдап көріңіздер. 

Сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуына мән беріледі, әдемі сөйлейтін, сөйлеу мақамы жақсы адамдарды тыңдағыңыз келе беретіні де сөзсіз. Қай тілді үйреніп жүрсеңіз де сіз де сөйлеу мақамы жақсы адамдардың қатарына қосылғыңыз келсе, жаттығуыңыз керек. Ол үшін жаңылтпаштарды айтып жаттығып көріңіз. 

Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап жаттығып тұру жақсы нәтиже береді. Осының арқасында сіз қиын дыбысталатын тіркестерді, дыбыстау барысындағы қиындықтарды жеңе аласыз. Әсіресе жаңылтпашты тез айта бастағанда түрлі күлкілі жағдайлар болуы мүмкін. 

Жаңылтпаштар тек қана сөйлеу мақамын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге адамның қиялын да дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштармен жұмыс істеген кезде оқушылар (студенттер, ересек адамдар) бір қалыпты, бір сарынды дауыспен оқымаулары керек. Жаңылтпаштарды қолданып өткізген сабақтар қызық ойын түрінде өтуі керек. 

Жаңылтпаш мазмұнында халық өмiрiнiң түрлi қырларын таныстыратын танымдық детальдармен қатар, балаларды тағылымдық өнегеге баулитын ғибраттық сарындар да мол кездеседi. 

Жаңылтпаштың бала тiлiн жаттықтыруға байланысты қызметi – оның басты мiндетi. Бұл орайда, жаңылтпаштың тiлге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн.

Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау,сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе, тілдің алдыңғы (тілалды) дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш көптеген бөбектерге қиын сияқты болып көрінеді. Сондықтан жаңылтпаштар да, көбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған. Бала тіліндегі «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатастырып айтуды түзету үшін халық жаңылтпаштарды шығарған. Сол сияқты «қ-к», «ж-ш», «т-д», «н-ң» т.б. дыбыстарды шатыстырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар бар. 

Дефектология ғылым саласында осындай дыбыстардың бұзылып айтылуын дисалия  депатайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың  мүкістік ерекшеліктеріне 

қарай  бөлінетін  дислалияның түрлері бірнешеу:

  1. Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
  2. Ротацизм – «р» дыбысыныңайтылуындағымүкістік;
  3. Ламбдацизм – «л» дыбысыныңайтылуындағымүкістік;
  4. Таңдайдыбыстарыныңайтылуындағымүкістіктер;
  5. Каппацизм – «к» дыбысы;
  6. Гаммацизм – «г» дыбысы;
  7. Хитизм – «х» дыбысы;
  8. Йотацизм – «й» дыбысы;

Әсiресе: 

Ара, ара, аралар, 
Орманның бойын аралар. 
Гүлдерден сорып бал алар, 
Алысқа ұшып бара алар, 
Бал тәттi ғой, балалар! – деп келетiн «Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар өте көп. Ендi бiр жаңылтпаштарда: 
Есiк алдындағы отынның, 
Шырпылырағынан ала кел, 
Томарлылығынан ала кел, 
Түбiрлiрегiнен ала кел, – сияқты айтуға өте ауыр көп буынды сөздерден құралады. Егер жаңылтпаштар тек тiл жаттықтыру үшiн ғана қолданылатын жанрлық түр десек бiр жақты кеткен болар едiк. Жаңылтпаш бойында сөз ойнатып, балаларды қызықтыра тартатын эмоциялық реңк, қисынды ұйқас бар. 
Шiлiктi шаптым, 
Жiлiктi астым, 
Шiлiктi жақтым, 
Жiлiктi шақтым, – дегендегi «шаптым, астым, жақтым, шақтым» сияқты толымды ұйқаспен қоса бұл өлеңде сөздердi мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сөздi тез айтуды ғана емес, логикалық қисынды бұзып алмауды да жадында сақтайды. 
Қамаштан көрiп қалашты, 
Қалашқа Жарас таласты. 
Бөлiнсiн десең қалаш тең,Таласпа Жарас, Қамашпен, – тәрiздi кейiнiрек шыққан жаңылтпаштар бұл ойымызға дәлел бола алады. Жаңылтпаштардың өлең құрылысы тым шағын, қарапайым болып келедi. Дегенмен iшiнара: 
Жаңбыр жауып келедi қар аралас, 
Бiр топ қатын келедi шал аралас. 
Тауға қайың бiтедi тал аралас, 
Бiр топ сиыр келедi тана аралас, – сияқты қара өлең үлгiсiндегi шумақтар да кездеседi. Немесе: 
Айыр атанды жүк қартайтар, 
Семiз қойды май қартайтар. 
Күйгелек менiң атамды 
Жас қартайтпас, ой қартайтар, – тәрiздi нақыл деуге келетiндей жаңылтпаштар да бар. Жалпы, жаңылтпаштың ұйқасты, үйлесiмдi тiлмен келетiн өлеңдiк өрнегi де балаларға үлкен ләззат бередi. 

Жаңылтпаш – қазақ балалар өлең-ойындарының iшiнде салмақты орын алатын тәрбиелiк мәнi жоғары, көркемдiк кестесi де күрделi жанрлық түрлердiң бiрi. 

Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарғанСәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған. 

Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек. Осы балалар категориясына неғұрлым жаңылтпашты көп қолданса, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Осыған орай, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары бірнеше жұмыстың мәселесін шешеді.

 Мәселен: біріншіден, тілдік қарым - қатынасқа түсу және өз ойын басқаларға еркін жеткізу.

Екіншіден, сөздерді қолданып, тілдері жетіледі.

Үшіншіден, сөз байлығы дамиды және ойы да дамиды.

Төртіншіден, сөйлеуін жетілдіру барысында олардың таным процестерін де дамытуға болады.

Автор:
Ахметжанова Еркежан Қайратқалиқызы, «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ – нің педагог – логопеді