16 января 2023, 09:18 | 9 744 просмотра
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқытудың екі формасы қалыптасқан: онлайн және офлайн. Дегенмен, әр оқыту формасы белгілі бір мөлшерде ақпарат және телекоммуникациялар арқылы жүзеге асатын ара қашықтықта оқыту әдістерін қолданады.
Қоғамның білім беру жүйесіндегі қажеттіліктерді іске асыру мақсатында педагогтардың компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануы білім берудің жаңа нысандарының пайда болуына ықпал жасады. Осындай нысандардың бірі қазіргі таңда шет мемлекеттерде кеңінен таралған компьютерлік, телекоммуникациялық жүйелерді қолдау арқылы іске асырылатын оқытудың онлайн формасы.
Онлайн білім беру негізінен үш технология арқылы іске асады:
( Instagram, WhatsApp, YouTube)
Компьютерлік телекоммуникациялық желілерді қолдану онлайн оқытудың мүмкіндіктерінің кеңеюіне жағдай жасап, телесабақтардың тың, жаңа деңгейде өткізуге жол аша отырып, мұғалім мен оқушының
қарым -қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы арқылы жүзеге асады.
Электронды конференциялар топтық тапсырмаларды шығармашылық атмосферада қарастыруға, әр түрлі тақырыптағы тапсырмаларды талқылауға, тапсырмалар орындауға ыңғайлы. Электронды конференцияларды өткізу тәртібі оған ат салысушылардың қалауы бойынша асинхронды немесе синхронды түрде өтеді.
Компьютерлік телекоммуникациялық жүйелердің техникалық мүмкіндіктерінің жалпы сараптамасы, олардың дидактикалық қызметі ең алдымен тұтынушының шет тілдерін үйрену барысындағы негізгі құрама бөліктері болып табылатын коммуникативтік іс-әрекеттердің мүмкіндіктерімен байланысты болады, сол себептен де шет тілдерін үйрену барысында онлайн әдістерді қолдану неғұрлым тиімдірек болмақ.
Онлайн оқыту жайлы әңгіме болғанда тек қана тыңдалым, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас емес, сонымен қоса коммуникативтік дағдылардың қалыптасуын қажет ететін сала шет тілдерінің оқытуын атамай кетуге болмайды. Желідегі тәсілдер туралы сөз қылғанда қазіргі таңда лексика, фонетикамен қоса грамматиканы қатар оқытатын кешенді тәсіл кеңінен қолданылады. Мысалы, интернеттен FLASH тыңдалым мен тілдік ойындар үшін, real player виртуалды тақта мен мұғалімі бар грамматикалық сабақтар.
Шет тілінің қоғам өміріндегі алатын орны мен маңызының өсуімен қоса онлайн әдіспен оқып үйренетін тұтынушылар саны да жылдан жылға өсіп келеді.
Онлайн оқыту әдістері төмендегідей категориядағы оқушылар үшін таптырмайтын тәсіл болып табылады.
Алыс аймақтарды тұратындықтан курстарға бару мүмкіндіктері жоқтарға;
Денсаулыққа байланысты үйден оқитын оқушыларға;
Ата-анасының жұмыс бабына байланысты мекен-жайын жиі ауыстыратын оқушылар;
Әр түрлі конференция мен жобаларға қатысатын оқушылар;
Білімдерін әрі қарай жетілдіріп, оны іс-тәжірибеде қолданатын
Қорыта келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, шет тілін де жоғары деңгейде білуі – заман талабы. Ал бұл талап орындалса, еліміз көркейіп, биік белестерді бағындырары анық. Қашықтықтан білім беру оқушыларға дәстүрлі емес ақпарат көздеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өзіндік жұмыстың тиімділігін арттырады, шығармашылыққа, әртүрлі кәсіби дағдыларды игеруге және шоғырландыруға мүлдем жаңа мүмкіндіктер береді, ал мұғалімдерге құбылыстар мен процестерді тұжырымдамалық және шығармашылық модельдеуді қолдана отырып, оқытудың түбегейлі жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп айта аламын.
Қашықтықтан оқыту оқушылар мен ата-аналар үшін де, мұғалімдер үшін де үлкен жұмыс екенін атап өткен жөн. «Дистанцияның» артықшылықтарының арасында білім алушылар үйде оқиды, тапсырмаларды ыңғайлы қарқынмен орындайды, әртүрлі білім беру платформаларының көмегімен білімдерін кеңейтеді.
Ал олай болса, оқытудың онлайн әдістері мен формаларына жыл санап сұраныстың да өсері сөзсіз.