Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақындармен өткен әсерлі кеш


16 января 2023, 12:34 | 11 165 просмотров



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты кеш өтті. Атаулы іс-шараға қазіргі таңда жастарға үлгі болып жүрген Сағыныш Намазшамова, Мұхтар Күмісбек, Азамат Нұрмұхан жас ақындарын қонаққа шақырылды.

— Кешіміздің мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.  Өзіміздің қала мақтаныштары, ағарту ісінде елеулі еңбектері  бар, тәрбие жаңғыртып, келешекке зор үлгі көрсетіп жүрген жас ақындар және тілшілермен оқушыларды кездестіріп, өнегесін алу және де сыр шерту, — дейді жатақхана тәрбиешісі Гулнар Жаманбаева.

Кеш барысында оқушылар қонақтарға өздерінің дайындаған өлеңдері мен арнауларын оқыды. Көкейлерінде жүрген қызықты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Жас ақындар да өз өлеңдерін оқып, домбырамен әндер айтып оқушыларды қуантты. Әдемі әңгіме айтылып, әуезді ән тыңдалып, татымды өлеңдер оқылды.

— Кеш өте қызықты өткені оқушылармыздың жүзінен байқалды. Ақындар авторолық кітаптарын жатақханамызға сыйға тартты. Оқушылармызға жақсы көңіл күй сыйлап және де есте қаларлық өнегелі әңгімелер айтылатын кештердің көп өткізілгені дұрыс екеніне көз жеткізік, —  өз пікірлерін NIS тәрбиешілері Айгуль Нурахметова, Меруерт Сембинова, Назым Молдахметова білдірді.

 



Автор:
NIS Талдықорған