3 февраля 2023, 07:13 | 967 просмотров
Пән: |
Жаратылыстану |
Бөлімі: |
Жандытабиғат/Жануарлар |
Педагогтің аты-жөні: |
Мурасилова Г.Е. |
Сыныбы: |
1 |
Сабақтың тақырыбы: |
Жабайы және үй жануарларының айырмашылығы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату |
Сабақтың мақсаты: |
-жабайы және үй жануарларын салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтайды; - үй жануарларының пайдасы,оларға күтім жасау туралы біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин |
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру Тақырыпты ашуға тапсырма. - Балалар мұқият тыңдайық. - Бұлар ненің дыбыстары? (Мұғалім әртүрлі жануарлардың дыбыстарын аудио арқылы тыңдатады) -Үй жануарларын білеміз бе? - Жабайы жануарлар қандай жануарлар екен? -Үй жануарларының төлдерін атайықшы. |
Оқушылар -Әр жануардың дыбысын тыңдайды,ажыратады.
|
«Жарайсыңдар!», «Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздері
|
Жануарлардың дыбыстары жазылған аудиожазба
|
Сабақтың ортасы
2 минут
5 мин
3 мин
|
Жаңа сабақ -Балалар яғни бүгінгі сабақта біз қандай тақырып өтеміз екен,не жайында айтамыз деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы:Жабайы және үй жануарларының айырмашылығы. Мақсаты: -жабайы және үй жануарларын салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтайды; - үй жануарларының пайдасы,оларға күтім жасау туралы біледі. Тірек сөздер:үй жануарлары,жабайы жануарлар,төрт түлік,төл. Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Тапсырма: Суреттерге мұқият қара,екі суретті салыстыр. - Суреттерде нелер бейнеленген? - Бірінші суретте адамдар не істеп жатыр? - Бұлар қандай жануарлар деп ойлайсыңдар? -Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? -үй жануарларының төлдерін атайық. - Екінші суретте жануарлар не істеп жатыр? - Олар қандай жануарлар? - Үй жануарларын қайда ұстаймыз? -Жабайы жануарлар қайда тұрады? - Үй жануарларына қандай күтім жасалады екен?
Бейнебаян «Жабайы және үй жануарлары» «Білгенің жөн».Тыңдайық. Жануарлар үй жануарлары мен жабайы жануарлар болып екіге бөлінеді. Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз.Олар азықтарын өздері тауып жейді.Баспанасын өздері дайындайды.
Адамдар күтіп баптайтын жануарды үй жануарлары дейміз.Адамдар оларға азығын дайындайды.Күтіп баптайды. Мал өнімдерінпайдалану үшін үй жануарларын асырайды.
Мұғалімнің түсіндірмесі – Фермер -ауылшауашылығымен, мал шаруашылығымен айналысатын маман.Фермерлер мал өсіреді,оның азығын дайындайды.Азық-түлік өндіреді.Сол арқылы табыс табады. – Төрт түлік мал: түйе, жылқы, қой (ешкі),сиыр. Үй жануарларын асырау – жауапты іс. Жануарлардың иесі олардың тұратын жерін таза ұстайды. Оларды күтіп-бағу ережелерінорындайды.
Топтық жұмыс 1 топқа тапсырма «Коллаж» әдісі Тапсырма:Үй жануарларының суреттерін ажырат,жабыстыр. Дескриптор: - Үй жануарлары ажыратады, - Суреттерін жабыстырады.
2 топқа тапсырма « Коллаж» әдісі Тапсырма:Жабайы жануарлардың суреттерін ажырат,жабыстыр. Дескриптор: - Жабайы жануарлары ажыратады, - Суреттерін жабыстырады.
ЕББҚ тапсырмасы Жабайы жануарларды ата. Дескриптор: - Жабайы жануарларды атайды.
Сергіту сәті Қызықты мәлімет -Балалар сендер білесіңдер ме? Ит- ең алғаш қолға үйретілген жануар екен.
Ал түйе 40 күнге дейін су ішпей жүре алады екен.Ол жотасындағы өркешіне май жинайды екен.Оны азық ретінде қолданады.Май түйені Күннің сәулесінен қорғайды екен.
Жұптық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі Тапсырма Екі жануарды салыстыр. Қандай ұқсастық пен айырмашылық байқадың? Дескриптор: - жануардың ұқсастығын табады. - айырмашылығы неде екенін ажыратады. ЕББҚ жұбының қолдауымен тапсырманы орындайды.
(ФС)Жеке жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Тапсырма Үй жануарларынан алынатын өнімнің пайдасы және үй жануарларының күтімі.
Дескриптор - Үй жануарларынан алынатын өнімнің пайдасын әңгімелейді. - Үй жануарларының күтімі жайлы әңгімелейді.
«Сәйкестендір» әдісі ЕББҚ тапсырмасы Жануарды одан алынатын өніммен сәйкестендір.
Дескриптор -үй жануарларын, алынатын өніммен сәйкестендіреді.
|
Тақырыпппен танысады Мақсатын түсінеді
Тірек сөздермен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Бейнебаянды көреді.
Оқушылар мұғалімді тыңдайды
Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады, суреттерін жабыстырады
Оқушылар қызықты мәліметпен танысады.
Екі жануарды салыстырады. Ұқсастық пен айырмашылықтарын ажыратады ЕББҚ жұбының қолдауымен тапсырманы орындайды.
Үй жануарларынан алынатын өнімнің пайдасын әңгімелейді.
|
ҚБ: Жарайсың!, «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ақылдысың!»
Толықтыр!
ҚБ: Керемет бірлескен жұмыс !
Үйренерің көп болсын!
Бірін-бірі бағалау
ҚБ: Жарайсың-дар!
Тамаша!
Жарайсың! Орындай аласың.
Жарайсың!
|
Оқулық 24 бет
.
Үй жануарлары мен жабай ы жануарлардың суреттер жинағы
Флипчарт маркер, желім
Оқулық 25-26 бет
Мысық пен жолбарыстың суреті слайд
https://images.app.goo.gl/o44SQCqgUefziUiGA
|
5 мин
2 мин
10 мин
10 мин
|
||||
Сабақтың соңы. 5 минут
|
Рефлексия «Түрлі түсті доптар» әдісі Мақсаты: жылдам ойлау, зейіннің шоғырлануы, өткен материалды пысықтау. Ойынның шарты: мұғалімнің қолында екі түсті доп болады. Мұғалім қызыл түсті допты лақтырғанда бала үй жануарының атауы, ал көк допты лақтырғанда жабайы жануарды атауы тиіс. |
Оқушылар қызыл допты қаққанда үй жануарын атайды; көк допты қаққанда жабайы жануарды атайды. |
|
доптар
|