Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Студенттердің география сабағында қызығушылығын арттыру


8 февраля 2023, 10:06 | 553 просмотра



Өмір бір орында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. Өз пәнін оқушыларға қызықты болатындайй ұйымдастыру керек, оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтаын да ескерген жөн. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, бүкіл әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру білім саласына елеулі әсер етуде. Географиялық білім берудін модернизациялау жүйесінің бағыттарының бірі инновациялық, ақпараттық – коммуникациялық технолгияларды пайдалану. Бұл дегеніміз өз алдына географияны оқытуда мақсатқа бағытталған өзгерістер мен жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларда және т.б.) меңгеру процесі. Оқытудың мұндай әдістерін іздестіру географиялық білімді тиімді меңгеру арқылы әрбір оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін тануға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және белсенді оқыту формасын оқыту процессіне кеңінен енгізу оқушылардың танымдық әрекетері үшін тиімді. Міндеті: география пәні арқылы оқушылардың оқу процессіндегі танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Жаңартылған білім берудің негізгі даму бағыттары орта мектептерде білім сапасын жақсартуға және оқыту жүйесін жетілдіріп, жақсарту арқылы әрбір оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыруға бағытталады. Менің ойымша мұғалім алдына қойған мақсатқа жету үшін меңгерілетін тақырыпқа сай оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырмай, жете алмайды. Тұлғаның белсенділігі мен танымдық қызығушылығын қалыптастыру бір-бірімен өзара тығыз байланысты процесс. Танымдық қызығушылық белсенділікті қалыптастырады, бірақта белсенділікті арттыру танымдық қызығушылықты бекітеді. Оқытудағы қызығушылық мәселесі жаңалық емес. Көпғасырлық тәжірибе оқытудағы қызығушылық өз алдына маңызды, әрі дербес және белсенділікті дамытудың қолайлы факторы екенін көрсетеді. Бұл тұрғыдан В.В. Давыдов пен Д.Б.Эльконидің дамыта оқыту концепциясы маңызды. Оқушылардың танымдық әрекетінің әдістемелік негізін зерттей келе, өз алдыма мәселенің шешімін табу үшін «география сабағында танымдық белсенділікті арттыру» міндетін қойдым. Осы мәселеге тоқталуымның негізгі себебі, соңғы уақытта оқу іс-әрекетіндегі оқушылардың жалпы қызығушылығының төмендеуі. Тақырыпты зерттей келе географиялық білімді меңгерудің тиімді жолдарын қарастырып, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін танып білуге және осы тұрғыдан олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін қарастыруды жөн көрдім. Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер танымдық белсенділікті арттырудың маңызды құралы, ал оларды қолдану өзекті мәселелердің бірі. Алдыма қойған мақсат – міндеттердің әдіснамасының негізін зерттей келе, мұғалімдердің тәжірибесіндегі құндылықтарды зерделеп, жинақтап, география сабағында оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, дамыту үшін оқыту кезіндегі жүйелілікті қалыптастыруды жөн көрдім. Географияны оқыту кезінде өз тәжірибемде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолданамын, мысалы, тақырыпқа сай ойын түрлерін, өлең оқу арқылы түсіндіру, халық ертегісі, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, қызықты деректер, сабақ түріне байланысты жаңа педагогикалық технологиялар (ақпараттық - коммуникативті технологиялар мен сын тұрғысынан ойлау). Сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткіземін. Мысалы, жаңа білімді меңгеру сабағын дәріс – сабақ ретінде (жоғары сыныптарда), экспедиция, зерттеу сабағы және т.б. Сабақта білім мен дағдыларды қалыптастыруда рөлдік ойындары бар сабақтар, білімді қайталау, жалпыландыру және бекіту сабақтарында ойын, сайыс–сабақ түрінде өткіземін. Білімді тексеру сабақтарында викториналар, түрлі сайыстар, географиялық диктант, тест, шығармашылық тапсырмаларды қорғау түрінде  арттыру танымдық қызығушылықты бекітеді.

Автор:
Л.С. Алибаева,Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің География пәнінің оқытушысы