Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру


8 февраля 2023, 10:18 | 1 655 просмотров



Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.

Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.

Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.

Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.

 Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре алады. Таза жазу  дағдысының  алғашқы бастамасы  әріптің  әрбір  бөлігін   дұрыс сызып көруі  арқылы  қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар  жазу ережесін  сақтап  отырғанда  ғана  дұрыс  жазуға  үйрене  алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі  талаптар  қойылады, және бұл  талаптар  бастауыш  мектептің  барлық  сыныптарында  жазу  жұмысының  барысында  орындалып  отыруға  тиіс:

  • әріпті  дұрыс  жазу, дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау;
  • әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей  жазу;
  • әріптердің  бірін  оңға, бірін  солға  қисайтпай,  барлық  әріпті бірдей, оңға  қарай  сәл  көлбете  жазу;
  • әріптердің, сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір  қалыпты  сақтап  отыру,  бірте-бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу.
  • түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
  • сөздікпен жұмыс істету.
  • тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
  • сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру

Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.

         Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.

Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары

  • Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
  • Ізденгіштікке ұмтылуға;
  • Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
  • Толық фантазиялық еркіндікке;
  • Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді

деп есптеймін.

Автор:
М.Ж. Доскельдинова,№19Мағжан Жұмабаев атындағы бастауыш сынып мұғалімі