Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҚАЗІРГІ МУЗЫКАТАНУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»


13 февраля 2023, 04:02 | 914 просмотров



Аннотация: Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Қалыптасқан әлеуметтік қоғам өміріндегі жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен адамның адамгершілігін сыйлай білу үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді.

Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық білімі мен музыкалық тәрбиесі - әлеуметтік қоғам өмірінде маңызы арта түсуде.

Қоғам өмірінде жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі мен білім алуында халықтың мәдени мұрасының, кәсіби музыка үлгілерінің рольі ерекше.

Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді. Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды. Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірбиесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп,  өткендегі музыкалық білім    беру  тәжірбиесі және кейінгілердің оның    дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте- бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Қазіргі музыкатанудың көкейкесті мәселелерін айтып өтсем. Бүгінгі таңда республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық процестерде халықтың ұлттық сезімін оятады, тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды, жеткіншектерді ұлттық және жоғарғы музыка өнері арқылы партиоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жаңартуды талап етеді.

Бүгінгі таңдағы балалар музыка мектебі әрбір мәдениет өкілдерінің балалары өз халқының мәдениетін меңгерумен бірге басқа халықтардың да музыка мектебінде мәдениеттік рухани азық алатын мекеме. Оқушылар әрбір мәдениеттің өкілдері бар қоғамда өмір сүретін болғандықтан, оларға барлық халықтардың музыка өнерінде көрініс алған, жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде де қарым-қатынас тәжірибесі қажет. Ал оқушылар болса әртүрлі ұлттардың балалары қарым-қатынаста болатын мектептердің өзіндік ерекшелігін ескере бермейді, ал оқу-тәрбие процесі ұйымдастыруда этикалық-педагогикалық қателар жібермейді, осыған байланысты оқушылар тарапынан оларға силастық азаяды, ал, бұл болса оқу әрекетінде жағымды себептердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде музыка мектептерінің мұғалімдерін ұлттық психологиямен оның ерекшеліктерін ескерумен бірге, кіші жас оқушылардың да эстетикалы, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Сөзімді қорытындылай келе, тұлға дамуындағы өнердің орны, музыка – тұлға мағынасын білдіретін арна дегім келеді. Жастардың субмәдениеті және музыкалық өнер, балалардың музыкаға құштарлығы – уақыт. Уақыт өткен сайын жас ұрпақтың мәдениеттілікке, музыкаға, өнерге құштарлығын арттырып, олардың ниет – талаптарына қолдау көрсету біздің басты міндетіміз деп білемін.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. "Музыка әлемі"№4, 2005жыл, №6 2007жыл.

2.Р.Қ.Дүйсембинова "Музыкалық білім беру педагогикасы" Талдықорған қаласы 2006жыл

 

 

Автор:
Дуненбаева Бакытгуль Бакбергеновна, Музыка пәнінің мұғалімі, «А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО»КММ