Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа технология әлемінде


13 февраля 2023, 13:31 | 888 просмотров



XXI ғасырдың жаңа технологияларды, соның ішінде роботтар технологияларын қолдану, заман талабы. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін  тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйрету.  Оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы алуан түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалім әр оқушының сезіміне, ынтасына әсер етуі керек.

        Робототехника - бұл информатика мен техниканы біріктіретін пән аралық сала. Робототехника роботтарды жобалауды, құруды  және пайдалануды қамтиды. Робототехниканың мақсаты - адамдарға  және  машиналарға  көмектесетін роботтар жасау. Робототехника машина құрастыру, электротехника, ақпараттық инженерия, мехатроника, электроника, биоинженерия, есептеу техникасы, басқару техникасы, бағдарламалық жасақтама және басқаларын біріктіреді.          

Сабақ барысында алғашқы  жинаған роботарымыз «Lego Mindtorms EV3»

 -Бұл істі «VEX  IQ» роботтарымен  жалғастырамыз. Роботтарды құрастыруға арналған VEX IQ робототехника сериясы.           VEX IQ бөлшектерін белгілі бір құралдың көмегінсіз құрастыруға болады, яғни роботты жылдам түрде модификациялауға үлкен мүмкіндік береді.  Робот контроллеріне портативті құрылғылардың 12 комбинациясын қосуға болады. Алдын ала бағдарламалардан, командалардан тағы да басқа, роботты операторлар арқылы драйверлер басқара  алады.                                                         

- VEX  IQ-дің жарық сенсорлары, гераскоп, қашықтық сенсоры арқылы жетілдірілген роботтарды жасауға болады 

 Қазіргі кезде «VEX V5» платформасындағы  жарысқа арналған роботты  құрастырудамыз.                                                                                                                                    

-VEX V5 жетілдірілген робот. VEX V5 платформасы күрделі басқару жүйесімен, қуатты қозғалтқыштармен және бір қатар сенсорлармен, метал конструкциясын қамтиды.VEX V5-ті тәуелсіз жобалар үшін және арнайы жылдық Vex Robaties Competition жарыстарына пайдалануға болады.

  Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер  өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды.                                Робототехника ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

Автор:
Сыдыкова Айгуль Жумашевна, Оқушылар сарайынң “IT технология” үйірмесінің жетекшісі