Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті»


16 февраля 2023, 08:12 | 1 427 просмотров



15.12.2022ж  Қатысушылар саны: 14.  Сабақтың тақырыбы: «Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті»

Сабақтың мақсаты: 6.2.  X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты? Сбақтың мақсаты: Оқушылар: түркі халықтарының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен өмір салтын зерттеу арқылы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінеді. Ұйымдастыру кезеңі. Өзін-өзі тексеру. .Оқушылырдың сабаққа зейінін аудару, қызығушылығын ояту.

«Бағалау», «БББ кері байланыс» парақтарын тарату.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Топ жетекшілерін сайлау.

Өткен білімді еске түсіру. Фотосуреттер. Жаңа білім

Мәтінмен жұмыс «Қала салу ерекшеліктері және елді мекендердің өсуі.»

І топ: 1 тапсырма. «Х-ХІІІ ғ.басындағы  Жетісу жеріндегі қалалар туралы».

Х-ХІІІ ғ.басында  Жетісудың солтүстік шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты. Осы қалаларда махаллалардың қалдықтары табылған. Махаллалардың әр қайсысында онға дейін үй болған. Қала тұрғындары қарым-қатынас негізінде ортақ кәсіппен және ұстанған діндеріне байланысты топасты. Жетісудың Талхиз қаласына жүргізілген қазба жұмыстары көптеген махаллалардан тұрғандығын дәлелдеді. Аулалар тұтас қабырғалармен қоршалған. Ол жерлерде мал қоралары орналасты. Кейбір үйлердің аулаларынан киіз үй белгілері табылған. Осы кезеңде отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу жайлы Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» шығармасында баяндалған.

ІІ топ: 1 тапсырма. « Х-ХІІІ ғ.басында Шу, Талас, Сырдария алқаптарындағы дамыған қалалар туралы»

Х-ХІІІ ғ.б Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қалалар дамыды. Қалалардың аумағы рабаттардың, шахристанның есебінен кеңейді. Бұлардың ұлғаюы қамал салуды қажет етті. Отырар, Испиджап, Фараб қалалары өте бай өңірлер қатарына қосылды. Отырар қаласы жан-жақтан көпестер бас қосатын жерге айналды. Қалада мешіт-медреселері, моншалары және кітапханалары бар мәдениет пен ғылым орталығы ретінде әлемге даңқы шықты. Оңтүстык Қазақстан қалалары Азияның басқа аймақтармен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен тез өсті. Араб, Парсы деректері дәлелдейді.

ІІІ топ: 1 тапсырма. « Х-ХІІІ ғасырлардағы Қазақстан қалаларының абаттандырылуы»

Үйлерде, қалаларда құбыр және жылыту жүйелері жақсы дамыған. Ол үшін жер астымен өтетін күмбез тәрізді үңгір жолдары қазылып, қыш құбырлар төселді. Мұндай жолдардың қалдықтары Отырардан, Тараздан, Баласағұннан табылған. Су қалаларға арнай құбырлармен қаланың сыртынан өзендерден су жүйесі арқылы қаланың рабат бөлігіне, одан кейін шахристан мен цитадель бөліктеріне жетті. Ибн Сина моншаларда «Бір қалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көрекм салынған суреттер болуы тиіс» екендігін жазған.  

Алаша хан кесенесі. Ұлы дала сәулет өнерінің үлгісінде тұрғызылған. Қарағанды облысының Қаракеңгір өзені юойында орналасқан. Кесененің сырты Қазақтың десте оюына толы,ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағымен бірлігін,мемлекеттілігімен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш.

Топқа 1-тапсырма. Мыңжылдық тарихы бар ортағасырлырдағы Түркілердің сәулет өнерінің дамығандығына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескеткіштердің ішіндегі ең ежелгісі Х-ХI ғасырларда салынған Бабажа хатун кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимарат жинақылығымен және беріктігімен ерекшеленеді.

Топқа 2 -тапсырма. ХI-ХII ғасырларға жататын Айша бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Сол заманда өмір сүрген бүкіл Түркі әлемінің Ана мен пәктіктің символына айналған тек сыртқы келбетімен ғана емес, сонымен қатар ішкі құндылығымен ерекшеленетін ғимарат.Қазіргі таңда ЮНЕСКО тізіміне қорғауға алынған.Кесене күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сыртқы геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.Тараз қаласында орналасқан Қарахан күмбезді кесенесі қарахандық сәулет өнерінің әлемдік деңгейдегі қайталанбас туынды болып келеді.

Топқа 3 тапсырма. «Археологиялық экспедиция»

  1. Х-Х111 ғасыр басында ортағасырларда түркілердің Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауда жоғары деңгейге жетті және көшпелілер мен елді мекендер арасында сауда дамыды. Иа Жоқ

Сабақты қорытындылау. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ортағасырларда Түркі халықтарының күнделікті өмірінде  пайдаланған тұрмыстық заттары, шаруашылығы мен әскери жетіістіктері, діни-нанаым сенімдері және жазба деректер   - көшпелілердің және отырықшылардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі зор екенін білуге болады. Түркілердің тікелей ұрпағы автохтонды Қазақ халқының ұлттық коды жіне қайталанбас материалдық мәдениеті болып қалады.

Түріктердің материалдық және рухани мәдениетінің қазіргі таңдағы маңызы

Үйге тапсырма Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті.

Бағалау.

Рефлексия. « Сөйлемді аяқта...»

- Мен үшін қызық болғаны...

-Мен үшін қиын болғаны...

- Мен ... туралы білгім келеді.

Автор:
Н.Еркинбеков,Тарих пәнінің мұғалімі «Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Алғабас орта мектебі» КММ