24 февраля 2023, 10:35 | 805 просмотров
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Жастар біздің болашағымыз , Республикамыздың өсіп өркенуі, гүлденуі жастардың қолында , сондықтан елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Сол себептен әр қайсымыз жан аямай кәсіп қылуымыз керек.Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде кадр мәселесіне зор көңіл бөлініп, орта кәсіби мамандар даярлайтын оқу орындарына қатаң талаптар қойылуда. Еңбек нарығында жаңа талаптарға сәйкес жас мамандардың жұмысқа орналасуы барған сайын қиындап, оның өзі колледждер арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне, оларға қойылатын талап- сұраныстардың барынша арта түсуіне әкелуде. Сондықтан мамандар даярлауда білім сапасын арттыру мәселесі кез келген оқу орны үшін маңызды. Осыған сай оқу орындарында мен бітіруші мамандарды бағалаудың өлшемдері жаңарып, жетілу үстінде. Бұл жерде ең басты мәселе- оқу орында көптеген жылдар бойы қалыптасқан әдістемелік жетістіктерді, озық дәстүрлерді заман талабына сай жаңғырта пайдалану. Оның бір жолы: техникалық және кәсіптік білім беру орындарында инновациялық оқу үрдісін қалыптастыру мен дамыту. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасында былай деп көрсетілген: «Орнықты инновациялық даму үшін білім беру, кәсіптік оқыту жүйесінде және қазақстандық кадрлардың құзіреттілігін өсіруде құрылымдық реформалар жүргізіледі. Бұл реформалар адамды үзіліссіз оқытуды ынталандыратын және қоғамның инновациялық мәдениетін қалыптастыратын орта құруға мүмкіндік береді. Мемлекет білім беру, ғылым, кәсіптік оқыту және инноватордың жағымды имиджін қалыптастыру арқылы инновациялық ойлауды қалыптастыруды ынталандырады».
Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген оқытушылар мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бүл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде колледж директоры, оқытушылар мен шеберлердің рөлі арта түседі. Оқыту процесінің технологияларының көптүрлілігіне қарамастан- ақпараттық, проблемалық, модульдык, кейс- стади, рефлексия «адамтану», дуалдық, сын тұрғысынан ойлау технологиясы,дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту, қашықтықтан оқыту технологиясы, этномәдениет, кәсіби бағдарланған технологиялар, құрылымдық-логикалық, интеграциялық, ойын, тренинг – жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісіне қалып отыр.Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты оқытушы мен шебердің қызметтері одан әрі игеруде.Оқытушының кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдерімен ғана шектелмей , педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық- педагогикалық дайындықты талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.
Инновация термині «жаңашылдық», « өзгеріс», «жаңа әдіс», «әдістеме» қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады.Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен оқытушы және білімгердің бірлікті іс- әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген енетін жаңалықтардан хабар береді. Инновация сонымен, жаңалық жеткізуші жаңалып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: білімгерге ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білімгерлердің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; білімгерлердің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; білімгерлердің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр білімгердің оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық білімгерлердің дамуы үшін жүйелі жұмыс жасау.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық- психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес иноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі прцестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануде басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі.Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында білімгерлердің ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылық пен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар:
Кәсіби-бағдарланған технологиялардың маңызды сипаттары: нәтижелік, үнемділік,
психогигиеналық.
Жалпы алғанда жоғарыдағы аталған инновациялық білім беру технологияларын
қолдана отырып, оқытушы өз кәсіби білім беру сапасын арттыра, сонымен қатар
білімгерлердің үлгерім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.