Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кітап – білімнің қайнар көзі


24 февраля 2023, 10:40 | 900 просмотров



         Кітап - білім бұлағы. Кітап – білімнің қайнар көзі. Осындай мән-мағынасы терең сөздерді кейінгі кезде көп жерде  естімейтін болдық, не естісек те көңіл бөлмейтін жағдайға жеткен сияқтымыз. Бірақ,  XXI ғасырда да кітапсыз өмір сүру мүмкін емес екендігін түсінгеніміз жөн. Кітап мәнді де мағыналы білім береді, адамды терең ойлауға жетеледі. Кітаптың беттін ашқан сайын жаңа әлемге еніп, біліміміз толығып, ойға шомылып, қызығушылығымыз артып, ақырына жеткенше асығамыз. Қазақ "наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтпаған. Кітаптан білім алған  адамның шетте калмасы анық. Кітап оқу ойымыздың дамуына, қиялымыздың ұшқыр болуына, сөздік қорымыздың артуына өзіндік зор ықпалын етеді. Кез келген сұрақтың  жауабын кітаптан табуға болады.  Кітаптан  оқып, түйген дүниелерімізді өмірде қолданануға мүмкіндік аламыз. Сырыңды сыртқа жаймай, кітаппен сырлас. Ол әр адамға ақылшы да, сыр сандық  та бола алады. «Заманына қарай адамы» демекші,  қазіргі таңда барлыға электронды болғасын кез келген мәліметті ғаламтордан тауып, жүктей саламыз. Әрине, электронды кітаптардың да пайдасын жоққа шығармаймыз.  Дегенмен Абай атамыз : «Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», - деп бекер айтпаған. Кітаптың әр бетін аударып, оқиға желісін үзбей оқығанға не жетсін?  Жалғыз қалғанда кітап адамды жігерлендіріп, бойына күш береді, сенімділік ұялатады.
         «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітапты таңдап, талғап оқи білу адам деңгейінің биіктігін көрсетеді.                                                                                                              

         Қазіргі кезде балалар арасында көркем әдебиетке деген қызығушылықтың азаюы жүректі қынжылтады. Соның әсерінен ойын толық жеткізе алмайтын, сөзге шорқақ, сөздік қоры аз оқушыларымыздың көбейетіні сөзсіз. Балалар кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидар мен ғаламторға бейім. «Дайын асқа тік қасық» қылып, білім алудың оңай жолын іздеуге дайын тұрады. Мұның барлығы жастарымыздың рухани дамуына кедергісін келтіреді. Болашағымыздың рухани әлемін жұтаңдататын осындай мәселеге қоғам болып ден қоюымыз керек деп есептейміз. Оқушыларға тәрбие мен білім берудің ордасы мектеп болғандықтан, ұстаздар үшін де балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бүгінгі таңда басты мәселенің бірі.

         Қазіргі кезде баланың кітапқа құмарлығын арттыру үшін балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана үздіксіз жұмыс жасау қажет. Бақша табалдырығын аттаған күннен бастап бүлдіршіндерге алдымен кітапхана туралы толық мағлұмат беріп, кітапханашы апайларын таныстырып, кітаптар әлеміне саяхат жасатып, қызығушылықтарын оятса, кітапханаға, кітапқа деген дұрыс көзқарастары қалыптасып өседі.

       «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деп Әл – Фараби айтқандай мектебіміздің ұстаздары да оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Абай, Шәкәрім, Ілияс, Мұқағали оқуларын өткізіп, «Жетісу жырлайды», «Туған өлкем» тақырыбында жерлес ақын-жазушылар шығармашылығынан байқаулар ұйымдастырып, «Ертегілер еліне саяхат», «Менің сүйікті кейіпкерім» сияқты түрлі жанрдағы сахналық қойылымдар қойып, оқушыларды көркем әдебиетке тарту мен қатар, шығармашылық деңгейлерін шыңдап келеді. Тілдер мерекесі қарсаңындағы шараларды жоспарлау кезінде де шәкірттерімізді жан-жақты дамытуға арналған шараларға көп көңіл бөлінеді.  Ата-аналарымыз да мектептің оқу-тәрбие жұмыстарынан құр қалып жатқан жоқ. «Білік бесіктен басталады» демекші, жақсы қасиеттерді алдымен үлкендер бойына сіңіру мақсатында сынып жетекшілер мен мектеп психологтары түрлі кеңестер беріп, жиындар мен тренингтер өткізіп тұрады.

       «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегендей,  жастарымыздың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, білімін кеңейту мақсатында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Бұл ретте кітапхана меңгерушісі А.Нурбекова мен мектеп ұстаздарының «Readx» жобасы бойынша «Ең үздік жарнама», «Өлең сөздің патшасы» челленджі, «Отбасымыз оқырман» байқауы, «Өнер өрендері», «Кейіпкерлер сөйлейді» сахналық қойылымдар байқауы, «Өнерпаз болсаң арқалан» көркемсөз оқу байқауы, «Кім жылдам оқиды?», «Неше кітап оқыдым?» жарыстары сияқты бірігіп атқарған бірқатар еңбектерін атап кетуге болады.

       «Игі істің басына -жақсы келер қасына» дегендей, әр жаңа істің ұйытқысы бола білетін Айжан Медетқызы Жумадилова басшылық ететін мектеп ұстаздарының алға қойған мақсаты – өз елінің тарихын, мәдениетін жетік білетін, ойымен еркін бөлісетін, шығармашылығы шыңдалған, өмірге бейім, білімді жастар тәрбиелеу және осы бағытта қызмет көрсету.

Автор:
Біржан Қабаев, Раушан Молдакулова , Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ ұстаздары.